Динамо 100 метрлігі!

Динамо 100 метрлігі!«Динамо» ДШСҚ-ның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында «Динамо 100 метрлігі!» атты эстафеталық акция басталды. Шілденің 20-нан бастау алған шара қыркүйек айының 20-на дейін жалғасын табады.

Биыл құрылғанына 90 жыл толатын «Динамо» спорт қоғамының дүбірлі тойына қызу дайындық жүріп жатыр. Осыған орай еліміздің түпкір-түпкірінде спорттық шаралар ұйымдастырылып, құқық қорғау қызметкерлері мен өңірдегі филиал өкілдері, спортшылар мен жанкүйерлер торқалы тойға үлес қосып жатыр. Ал, «Динамо» ДШСҚ ОК қолға алған «Динамо 100 метрлігі!» акциясының жөні бөлек. Бұл шараға алты жасар баладан бастап, еңкейген қартқа дейін қатыса алады. Арнайы бекітілген ереже бойынша, шараға қатысуға ниет білдірген адам стадионда немесе кез-келген спорт алаңында 100 метр қашықтыққа жүгіреді. Осы сәт секундомермен белгіленеді. Оны ұялы телефон немесе бейнекамераға түсіріп, дайын бейнені «www.youtube.com» бейнехостингке салады. Сосын сілтемесін «dinamo_habar@mail.ru» электрондық поштасына жіберуі керек. Бұл поштаға бейне жазбаларды да жібеурге болады. Бізге жіберілген бейне жазбалардың барлығы «www.dynamo.kz» сайтына жарияланып отырады.

Шараның басты мақсатыШараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау; қазақ спортшыларының ізін басатын өскелең ұрпақпен қарым-қатынасты нығайту; жеңіл атлетика спортының аясын кеңейту және бұқара халықтың спортқа деген ынтасын арттыру.

«Динамо» ДШСҚ 90 жылдық тойы қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Динамо 100 метрлігі!» атты акцияға барлық спорт жанашырлары қызу қолдау білдіріп жатыр. Тіпті, алғашқы болып құқық қорғау қызметкерлері игі шараны бастап кетті. Шілденің 20-сы күні Алматы қаласындағы «Динамо» стадионына жиналған қалалық ІІД-нің қызметкерлері өзгелерге үлгі көрсетті. Таңғы 08:00-де жүгіру алаңына сапқа тұрған қызметкерлер акцияға қатысып, белсенділік танытты. Әр қызметкер жүгірген кезде секундомер қосылып, кімнің қанша уақытта 100 метр қашықтықты кесіп өткені есепке алынды. Олардың әр қадамын бейне жазбаға түсірген «Динамо» ДШСҚ спорт басқармасының бөлім бастығы Владимир Коломиец акцияның әр сәтін жіті қадағалап, спортшы-қызметкерлерді жігерлендіріп отырды. Құқық қорғау қызметкерлері болса, мұндай шараның спорт сүйер қауымды бір арнаға тоғыстырып, біріктіретінін, осы жолда «Динамо» спорт қоғамының маңызы зор екенін айтты.

Сақшылардан кейін жүгіруСақшылардан кейін жүгіру алаңына балғын аяқ доп шеберлері шықты. «Динамо» стадионында жаттығып, футбол әліппесін үйреніп жүрген өрендер ең кіші топ болып саналады. Олардың жас ерекшелігі 6-9 жас аралығында ғана. Алайда, игі шараға бір кісідей атсалысқан «Жас динамошылар» ешкімнен қалыспады. Жүз метрлік қашықтықты ойдағыдай еңсеріп, мәре-сәре болып жатты. Ал жастарға тәрбие беріп, футболдың қыр сырын танытып жүрген даңқты бапкер, КСРО-ның спорт шебері Владимир Гулямхайдаров: «Әйгілі спорт қоғамының биылғы 90 жылдық тойы қарсаңында түрлі шаралар өтіп жатыр. Осыған біздің балғын футболшылардың да үлес қосқанынан қуаныштымын. Себебі, біз биыл «Жас динамошылар» футбол мектебін аштық. Жас ерекшелігіне орай үш топқа бөлінген. Барлығы да осы акцияның көркін қыздырып, мерейтойды бірге атап өтеміз», — деп, акцияның маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар «Динамо 100 метрлігі!» акциясының екінші күні стадионға жас грек-рим күресінің шеберлері жиналды. Бапкер Тимур Серіковтен тәрбие алып жүрген «Жас динамошылар» өздеріне берілген эстафетаны мүлтіксіз орындап шықты.Сақшылардан кейін жүгіру Шәкірттерін стадионға бастап келген Тимру Серіков: «Динамо» спорт қоғамының бағына көптеген жетістік пен жеңістер жазылған. Ал осы ұйымның 90 жылдық тойы қарсаңындағы акцияға шәкірттеріміз белсенді түрде қатысып жатыр. Олар болашақта Олимпиада немесе әлем чемпиона болған кезде де осы бір қызықты сәттерді есіне алатынына, ұрпақ жалғастығы болатынына сенімдімін», — деп, мерейтойымен құттықтап өтті.

Қыркүйек айының 20-на дейін жалғасатын «Динамо 100 метрлігі!» акциясына еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Белсенділік танытып, «Динамо» спорт қоғамының жанышыры болыңыз!