«ДИНАМО» Алматы стадионының футбол алаңында еліміздің жас динамошылары кездесті

Алматыда «ДИНАМО» дене шынықтыру-спорт қоғамы Қоғамдық бірлестігі төрағасының Кубогына «Жас Динамо» қозғалысының кадет сыныптары арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті.

Турнирге барлық облыстан 21 команда, оның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ «Жас Динамо» және ЕҚҚІҚБ (Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы) командалары қатысты.

Әскери-патриоттық клубтар мен лицейлердің тәрбиеленушілері, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» мектебі, «Жас полиция», «Жас шекарашы», «Жас Сарбаз», «Жас Бүркіт» және әрине «Жас сақшы» сияқты соңғы уақытта құрылған кадет сыныптары  қатысты.

Өңірлерде ерекше назар аударылды.  Жоғарыда аталған барлық оқушылар —  ҚР ІІМ-мен бірлесіп әзірленген «Ұлы дала сақшылары» бағдарламасы бойынша әрекет ететін «Жас Динамо» бірыңғай қозғалысының мүшелері.

 «Мен есірткіні емес, спортты таңдаймын»… – осындай ұранмен аты аңызға айналған «Динамо» стадионында турнир өтті.

Турнирді ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы ІІМ, «Динамо» ДШСҚ ҚБ, Мақан Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы, Алматы қ. ПД, Алматы қ. ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.

Құрметті қонақтар қатарында — Кеңес төрағасы генерал-лейтенант Сарсеков Бексұлтан Сарсекұлы, олимпиада чемпиондары — Дмитрий Баландин және Василий Жиров болды, және Сергей Коридзе — техникалық директор, Густаво Парадеда — «Қайрат» футбол клубының спорт директоры  сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады.

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша турнир кестесі келесідей анықталды:

1-орынды «Жас Динамо» командасы иеленіп,  «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі — «Динамо» ДШСҚ ҚБ төрағасы Кубогының иегері атанды.

2-ші орынды Түркістан облысының өкілдері, 3-ші орынды — Жетісу облысының командасы иеленді.  Құрмет тұғырынан орын алған команда мүшелері медальдар мен бағалы сыйлықтар алды. Номинанттар да сыйлықсыз қалмады. Олар:

«Үздік  қақпашы» — Аманбек Ислам ( Қарағанды облысы);

«Үздік жартылай қорғаушы» — Кособуцкий Богдан (Астана қ.);

» Үздік шабуылшы » — Халилов Тагир (Павлодар облысы);

«Үздік қорғаушы» — Исабек Айдын (Түркістан облысы);

«Үздік мерген-бомбардир» — Тургамбеков Тимур (Жетісу облысы).

Ең тәртіпті команда ретінде Павлодар облысының командасы «Олимпиаданың тыныштығы үшін» жеке номинациясымен марапатталды.

 «Динамо» ДШСҚ ҚБ төрағасының бірінші орынбасары А. Омаркулов:   «балалар мен жасөспірімдер арасындағы есірткіге қарсы күреске бағытталған және балаларды спортпен шұғылдануға тартатын спорттық бірлестік жұмысындағы көптеген іс-шаралардың бірі болып табылатын бұл іс-шара, елдің болашағына бей-жай қарамайтындардың барлығын біріктірді» деп атап өтті. Ұйымдастырушылар бұл турнир уақыт өте келе дәстүрге айналатынына сенім білдірді.