«Динамо» ДШСҚ ҚБ кезекті есептік конференция өткізілді

22 қаңтарында ІІМ бас ғимаратында ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтың төрағалығымен филиалдардың төрағалары — Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың ПД бастықтары, сондай-ақ «Динамо» қоғамының Орталық кеңесінің Президиумы мүшелерінің қатысуымен «Динамо» ДШСҚ ҚБ кезекті есептік конференциясы өткізілді

Күн тәртібіне қоғамның өткен жылдағы жұмыс нәтижелерін қорытындылау, мүшелік жарна көлемінің өзгеруі, Полиция департаментерінің және «Динамо» қоғамы филиалдарының өзара іс –қимылы, сонымен қатар бұқаралық және балалар спортын дамыту, қоғамдық бірлестіктің 100 жылдығын мерекелеуге дайындық және басқа да бірқатар сұрақтар енгізілді.

Төрағаның бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов «Динамо» қызметінің 2023 жылғы оң бағыттарын атап келе, спорттық бірлестіктің алға қойылған бағдарламалардың тиімділігіне әсер ететін мәселелерді көрсетті. Оның ішінде 2011 жылдан бері өзгермей келе жатқан мүшелік жарнаның көлемі. Кеңеске қатысушылар жарнаның көлемін көтеру қажеттілігіне келісті, сол сияқты жасөспірім арасындағы қылмыстың алдын алу — қоғамның және құқық қорғау органдарының басымды мақсаттарының бірі болып табылатынын және осы мәселе бойынша толық өзара іс қимыл мен түсініктік болу тиістілігін айтты.

Қоғам төрағасы полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов алда «Динамоның» — 100 жылдығы келе жатқанына – «Бізге осы айтулы күнді атап өту қуанышы бұйырғандықтан, тиісті дайындық жұмыстарын жүргізу, мерейтойды жоғары деңгейде өткізу — біздің мақсатымыз» — деп қатысушылардың назарын тағы да осы мәселеге аударды.

Конференция жұмысын қорытындылау бойынша шешімдер қабылданып, 2024 жылы қоғамның іс қимыл жоспарының негізіне енгізілді.

Сондай-ақ «Динамо» ДШСҚ Х спартакиадасының жеңімпаз командаларын марапаттау рәсімін өткізді.