Динамолықтар жүлдемен оралды

Ауыр атлет-1Өткен аптада Польшаның Вроцлав қаласында  ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтті.

Байрақты бұл бәсекеде ел намысын қорғауға жас зілтеміршілеріміз аттанған болатын. Дегенімен нәтиже жаман емес. Қос бірдей динамолық спортшы Алмас Өтешев пен Владимир Седов жеңіс тұғырынан көріне білді. Бұл спортшылар 94 келіде сынға түсіп Алмас күміс, Владимир қола медальді жеңіп алды. Ал, алтын алқа ресейлік Александр Ивановқа бұйырды.

Жарыстың қорытынды нәтижесі бойынша Қазақстан 1 күміс, 1 қола медальді иеленіп жалпыкомандалық алтыншы орынды місе тұтты.

Карина Горичева,  Сәуле Сәдуақасова, Жазира Жаппарқұл, Маргарита Елисеева және Ескендір Момынбековтар секілді талантты жас спортшылар үздік ондықтан бой көрсетті.