Динамошылардың ересек «алтыны»…

13 мамыр ырымшылдыққа қарамастан, бокстан ұлттық құраманың барлық қазақстандық жанкүйерлері үшін бақытты күн болды. 

Осы күндері Ташкентте өткен әлем чемпионатында сенбі күнінің батыры Санжар Ташкенбай (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) команданың қоржынына алғашқы алтын медаль әкелді.

Оның Грузиядан келген қарсыласы Сахила Алахвердови төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес, қазақстандық бокс мектебінің өкілінен жеңілді. «Динамо» Қоғамының аға жаттықтырушысы Сыдықов Рахымжан ұсынған ақпаратқа сәйкес, боксшы 2021 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы, сол жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы болып табылады. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3-курс студенті.

Санжардың жеңісті көңіл-күйін оның жолдастары – «Динамо» Қоғамының мүшелері қолдайды деп үміттенеміз.