Динамолық дзюдошыларға салтанатты түрде мүшелік билеттер табысталды. Қыркүйек айының соңында Алматыға келген смо» ДШСҚ Спорт басқармасының бастығы Николай Князев спортшыларға бұл билетті ң алдағы он жылға жарамды екендігін айтып, әрі жылдық төлем жарнасын уақытында төлеп отырыңдар деп ескертті. Бұл уақытта спортшылар «Динамо» стадионында дзюдодан әлемдік «Гран-При» додасына дайындықтарын пысықтап жатқан болатын. Динамолық дзюдошылардың қатарында Ислам Бозбаев, Максим Раков, Ержан Шынкеев және Гүлжан Исановалар секілді боз кілемнің тарландары бар екендігін мақтанышпен айта аламыз. Сондай-ақ «Динамоға» келген спортшыларға спорттық киімдер табысталып, алда өтетін жарыстарда жеңіске жету жолындағы көптеген міндеттер жүктелді.