Инчхон татамиіндегі тайталас

10517557_1489365771315247_2707750227621070346_nXVII жазғы Азия ойындарында Ермек Имамбеков жаттықтыратын дзюдодан еліміздің ұлттық құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медальді жеңіп алды. Олардың қатарында Максим Раков, Азамат Мұқанов,  Мариан Ордабаева және Ленария Минғазова сынды динамолық спортшылар ерекше қырымен танылды.

Татамиде тайталасқа түсіп, намысты қолдан бермеген спортшылар арасында Елдос Сметов қанжығасына байлаған алтын медаль – ел спортының тарихындағы елеулі жетістік. Себебі, бұған дейін дзюдодан еліміздің ұлттық құрамасы Азия ойындарында алтыннан олжа салып көрген емес. Сонымен қатар, бұған дейін де Азия ойындарында күміс медаль алған, еліміздің маңдайалды спортшысы Максим Раков алтын медаль иеленеді деп күткенбіз. Финалға дейін еш сүрінбей, тамаша ойын көрсеткен спортшымыз ақтық сында моңғол палуаны Найдан Тувшинбаярдан ұтылып қалды. Үш рет «шидо» жазасын алған спортшымыз, Найдан Тувшинбаярда кеткен есесін қайтара алмады. Өйткені, осы моңғол палуаны жақында ғана Челябинскіде өткен әлем чемпионатында да Максим Раковтың жолын327e46c235544837abbebb170d732a5f кескен болатын. Жалпы қазақ пауландарының Найданға кеткен есесі көп. Мәселен, 2008 жылғы Пекин Олимпиадасында жерлесіміз Асхат Жіткеев финалдық белдесуде дәл осы палуаннан ұтылғаны әлі күнге дейін есімізде. Тағы бір динамолық палуан Азамат Мұқанов үшінші орын биігінен көрінді. 66 келі салмақта татамиге шыққан палуанымыз, жартылай финалда моңғолиялық Тумурхулег Давадорждан жеңілді. Алайда, үшінші орын үшін жүрген белдесуде Чиа Хунг Ченнен айласын асырып, соңғы мүмкіндігін қалт жібермеді. Ал, қыздар арасында динамолық Ленария Минғазова мен Мариан f9f409971def66a893714868e7540b69Ордабаева қоладан медаль тағынды. Осылайша палуандарымыз Инчхон төріндегі сары құрлық бәсекесінде аянып қалған жоқ. Сондай-ақ, командалық сайыста спортшыларымыз екінші орын иеленді. Мұның барлығы отандық дзюдо тарихындағы маңызды оқиғалар болып саналмақ. Бас бапкер Ермек Имамбеков өз сөзінде, өздеріне тапсырылған міндетті абыроймен атқарып шыққандарын айтып өтті. Ел намысын жықпай, биікке көтерген динамолық палуандарды жеңістерімен құттықтаймыз.