Оралда Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай қалалық ІІБ мен «Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігі маусымның 20-21 күндері көпшілік спорттық шара ұйымдастырды. Екі күнге созылған бәсекеде сақшылар шағын футболдан, жеңіл атлетикалық кросстан, арқан тартудан, спорттық граната лақтыру мен эстафеталық жүгіруден сынға түсті.
Спорттық шараның алғашқы күнінде «Динамо» стадионына жиналған сақшылар шағын футболдан жарысты. Оған 8 команда қатысып, әр құрамада 5 ойыншыдан болды. Бұл мерекенің басты мақсаты полиция қызметкерлерінің физикалық дайындығын тексеру, спорт шеберліктерін шыңдау және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Сондай-ақ, үздік командалар арасынан Батыс Қазақстан облыстық ІІД ұйымдастыратын біріншіліктерге қатысатын ойыншылар іріктеледі. Ойын барысына келсек, қарсыластар қақпасына бірнеше гол соққан Жол-патрульдік полиция баталоны жеңіс тұғырына шықса, Көші-қон полиция бөлімі екінші, Орал қалалық ІІБ штабының командасы үшінші орынға жайғасты.
Жарыстың екінші күнінде полиция формасын киген жеке құрам жеңіл атлетикалық кроссқа қатысты. Сайыс алдында Орал қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдулин сөз сөйлеп, барша қатысушыларды құттықтады. Одан соң Ружейникова мен Жамбыл көшелерінің қиылысында сапқа тұрған 150 сақшы Орал қ.ІІБ ғимаратына дейін жай жүгіріп келді. Алдарына жан салмай, мәре сызығын бірінші болып аттаған Жол-патрулдьдік полиция баталонының желаяқ жігіттері жеңімпаз атанды. Екінші орынға Қабылдап-тарату орнынға табан тіресе Абай полиция бөлімінің желаяқтары үшінші орынмен марапатталды.
Кростан кейін «Атоян» стадионына келген сақшылар спорттық граната лақтыру, арқан тартыс және эстафеталық жүгіруден бақ сынады. Сол күні түстен кейін екі күндік жарыстың қорытындысы шығарылып, салтанатты жабылу рәсімі өткізілді.
Спорттық граната лақтырудан Әкімшілік полиция бөлімі – бірінші, Жол-патрульдік полиция баталоны – екінші, Қабылдап-тарату орнының командасы – үшінші орын алды. Арқан тартыстан күші мықты Жол-патрульдік баталон командасы бірінші орынды жеңсе, Әкімшілік полиция бөлімі – екінші, Қабылдап-тарату орнының командасы – үшінші орын иеленді. Барлық сайыс барысында мықтылығын дәлелдеген Жол-патрульдік полиция баталонының командасы жалпы есеп бойынша жеңіс тұғырына көтерілді.
Жеңімпаздарға полиция полковнигі Манарбек Серікқалиұлы Ғабдулин облыстық «Динамо» ДШСҚ-ның атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар, спорт костюмдерін табыстады. Жарыстың салтанатты жабылу сәтінде ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Қалмұханбет Қасымовтың Қазақстан полициясына 22 жыл толу мерекесімен құттықтау жедел хаты оқылды. Сонымен қатар Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орал қ.ІІБ-ның жеке құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда абыройлы жұмыс атқарып келе жатқан сақшылардың қызметтеріне табыс тіледі.
Спорттық шараға қатысқан әртіп сақшылары өздерінің кәсіби мерекелері қарсаңында спорттық демалыс уақытын сыйлаған Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті мен Орал қ.ІІБ басшыларына және әркез демеушілік жасап, дем беріп отыратын облыстық «Динамо» ДШСҚ-ның ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.
Гүламан Исмагулова,
Орал қ.ІІБ баспасөз қызметкері