Күзетшілер бақ сынасты

Қазан айының 4 күні Алматыдағы «Динамо» стадионында күзет ұйымдары арасынада спорттық ойындардан сайыс өтті.

охрана 007   Бұл күзет ұйымдарының барлығы «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы жанындағы Мамандандырылған оқу орталығында (МОО) біліктіліктерін жетілдіретін мекемелер болып табылады. Сондықтан да осы шараны ұйымдастырып, оның жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан МОО болды.

Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсімінде «Динамо» ДШСҚ-ның басшылығы мен ардагер спортшылар құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Алғашқы болып сөз алған «Динамо» ДШСҚ жанындағы Мамандандырылған оқу орталғының төрағасы Қазбек Жұманов жарысқа қатысушыларға табыс тіледі.

– «Құрметті, жиналған қауым, бүгін «Динамо» стадионында күзет агенттіктері арасында өткелі отырған спорттық жарыстарға хош келдіңіздер! Бұл жарыс осымен үшінші жыл өтіп отыр, әрі дәстүрлі түрде жыл сайын өте береді деген ойдамыз. Күзет ісінде жүрген бауырларымыз әрқашанда шымыр, әрі дене тәрбиесімен шұғылданып, үнемі машықтанып жүргені абзал. Осы тұрғыда қорған бола білетін азаматтарымыздың бір-бірімен тәжірибе алмасып, спорттық даярлықтарын тағы бір мәрте пысықтап алуы үшін осындай жарысты өткізуді жөн көрдік. Сіздерге сәттілік тілеймін, жарыста тек мықтылар озып шығады деген ойдамын!», — деді Қ.Жұманов.

Оқ атудан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері  Сергей Беляев та жарысқа қатысушыларға ізгі лебізін білдірді.

– «Спорт ардагерлері мен барлық олимпиадашылар атынан сіздерді бүгінгі өткелі отырған спорттық шарамен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сіздерге сәттілік тілеймін, егерде сіздер өткен жарыстарға қарағанда бір қадам ілгері жылжып, бір ұпай артық жинасаңыздар, онда бүгін текке жиналмағандықтарыңызды көрсетесіздер», -деп атап өтті ардагер.

Осымен үшінші жыл өтіп отырған бұл шараға 12 күзет агенттігінен жүзден аса адам қатысты. Шараға қатысушылар шағын-футбол, гір тасын көтеру, оқ ату, 100 м жүгіру сынды спорттық ойындар бойынша сынға түсіп қана қоймай, білімдерін тексеретін тест тапсырды.

охрана 046       охрана 071       охрана 114

Ойынның ең қызықты да, тартысты кезеңі шағын-футбол барысында өрбіді. Бүкіл елдің назарын аудартқан футболда ойын тәртібін бұзғандар да, төрешінің шешімімен келіспей, дауласқан командалар да болды. Дегенімен, дайындығы жоғары команданың әрқашанда оза шабатыны белгілі. Осы тұста қырағылық танытып, қарсылас командаларын ойсырата ұтқан «Әскер жаубасар» командасы жеңімпаз атанды.

Сонымен қорытынды нәтижесіне тоқталар болсақ, тапаншадан оқ атудан бірінші орынды К. Орынов жеңіп алды. Ал, екінші орынды Е. Раимбаев, үшінші орынды Оразбеков еншіледі.

100 м жүгіруден алдына жан салмаған С. Климанов бірінші орынға шықты. Д. Абилдинов екінші, Т. Қожабаев үшінші орыннан көрінді.

Гір тасын көтеруден сынға түскен білекті жігіттердің арасында өзінің мықтылығын дәлелдеген Е. Шаймарданов бірінші орынды иеленді. О. Арзықұлов екінші және Ә. Айнабеков үшінші орынға жайғасты.

Теориядан өзінің зеректігін байқатқан А. Жашкеев бірінші орынға ие болды. Қ. Раймов екінші орыннан көрінсе, А. Асылханов үшінші орынды місе тұтты.

Шағын-футболдан АБ «Әскер» -Жаубасар командасы бірінші орыннан көріне білді. Екінші орынға «Еділ секьюрит», үшінші орынға «Намыс қорғау» командалары табан тіреді.

Жалпы командалық есеп бойынша «Намыс қорғау» командасы бірінші орынға лайық деп танылып, «Динамоның» кубогын ұтып алды. Ал, екінші орын «Әскер» -Жаубасар және үшінші орын «Акинак-Бодигорд» АҚ-на бұйырды.

 Баспасөз қызметі

охрана 109 охрана 068 охрана 049 охрана 103