Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу – әрекетте!

Қарағанды облысының Полиция департаменті, «Динамо» ДШСҚ ҚБ филиалы, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы «Жас динамошы» бағдарламасы аясында жеті қалалық гимназия оқушылары арасында үстел теннисінен турнир өткізді.

23 ақпанда 42 қатысушы «Динамо» спорт кешеніне жиналды, онда оларға облыс Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Санжар Адилов сәттілік тілеп, соңында шеберлік сабағын өткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында Шәкәрім атындағы гимназия өкілі Шагатаев Назар үздік атанды. Екінші және үшінші орындарды Жұматаев Мақсат (59 КММ) және Гаммер Кирилл (Сәтпаев атындағы КММ) иеленді.

Қыздар арасында бірінші орынды Кошелева Алиса (Сәтпаев атындағы КММ)  жеңіп алды, одан кейін Шәкәрім атындағы гимназияның оқушысы Досжанова Зарина, № 83 гимназиядан Жанахметова Амина үшінші орынға жайғасты.