Германияның Галле қаласында бокстан «Chemistry Cup» халықарылық турнирі аяқталды. «Кіші әлем чемпионаты» саналатын жарыста қазақстандық боксшылар жемісті өнер көрсетіп, 1 алтын және 3 күміс медаль ұтып алды.
Әсіресе, «Динамо» спорт қоғамының өрендері шаршы алаңда жақсы жасындай жарқырады. Ең қуаныштысы, 52 келі салмақ дірежесінде жұдырықтасып жүрген Ілия Сүлейменов алтыннан алқа тағынды. Ал, 49 келіге дейінге салмақта Теміртас Жүсіпов күміс медаль тағынса, Алмасбек Әлібеков пен Рустам Сваевтардың бүл турнирде жолы болмады. Сондай ақ, 81 келі салмақ дәрежесіне дейін ел намысын қорғап жүрген Әділбек Ниязымбетов финалда Джой Уардқа есе жіберіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Әрине, аталмыш турнирді «кіші әлкем чемпионаты» деп атайтынын ескерсек, боксшыларымыздың нәтижесі жаман емес. Көк туымызды желбіретіп жүрген динамолық өрендерге табыс тілейміз!
«Кіші әлем чемпионаты»
- 9 июня, 2014
- 9:41 дп