ҚР Конституциясы күніне

ҚР Конституциясы күніне орай тәртіп сақшылары арасында жарыс өтті.

2013 жылдың 24 тамызында Жамбыл облысы «Динамо» ДШСҚ облыс ІІО қызметкерлері арасында спорттың «қоян-қолтық» ұрысынан жарыс өткізді. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған бұл жарыстың өткізілуін Жамбыл облысы ІІД Кадр жұмысы басқармасы мен «Динамо» ДШСҚ қызметкерлері ұйымдастырды. Аталмыш спорттық ойынның басты мақсаты ІІД қызметкерлерінің жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша кәсіби шеберліктерін жетілдіру әрі шыңдау болды. Аталған іс-шара 8 санаттағы салмақ дәрежесі бойынша өтті. Жарысқа ІІД бөлімшелері, ҚАІІБ, облыстық ҚАЖД, МКҚБ ММ және Жамбыл стансасының ЖІІБ қызметкерлері қатысты. Жарысқа барлығы 13 командадан құралған 74 ойыншы бақ сынасты.

Жарыстың салтанатты ашылуына облыс ІІД басшылығы, «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ысқақ, облыстың «Самбо» күресінің ардагері М.Қойшыбеков және 2012 жылғы Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, динамолық Ақжүрек Таңатаров құрметті қонақ ретінде шақырылып, спортышларды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Жарыс барысында «Арлан» АМБ, ЖҚАЖ, Тараз қ. ІІБ 1-ПБ, Жуалы және Т.Рысқұлов АІІБ қызметкерлері өздерінің жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша даярлықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық бірінші орынды «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесі жеңіп алды. Екінші орынды Жедел қимылдайтын арнайы жасақ командасы иеленсе, ал үшінші орынға Жамбыл облысы МКҚБ ММ қызметкерлері табан тіреді.

Өз салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен қызметкерлер мен жеңімпаз командаларға облыс ІІД және «Динамо» ДШСҚ дайындаған арнайы грамоталар, медельдар, сонымен қатар спорттық киімдер сыйға тартылды.

Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі

123
4