Бірқатар үзілістен кейін ІІМ мен «Динамо» қоғамының ХІ Спартакиадасы шеңберінде жарыс өткізу қайта жандандырылды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 12 мен 14 аралығында Алматы облысының Қонаев қаласында «Динамо» ДШСҚ ҚБ спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыс өткізілді. Жарысқа күштік құрылымдарының 20 — Полиция департаменттері мен 8 ведомстволарының командалары қатысты.
Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Полиция департаменттері арасынан жоғары көтерілгендер:
- Алматы қ. ПД
- Алматы облысының ПД
- Қарағанды облысының ПД.
«Динамо» ДШСҚ ҚБ ХІ ведомствоаралық спартакиадасында үздік үштіктегі командалар:
- ҚР Ішкі істер министрлігі
- «Динамо» ДШСҚ ҚБ
- ҚР ІІМ Ұлттық ұлан
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, дипломдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.