Полицейлер эстафетасы

Өскемен қаласында сақшылардың кәсіби мерекесі – Қазақстан полициясы күніне орай ШҚО Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында «полицейлер эстафетасы» өткізілді. Жарысқа аудандық ішкі істер бөлімдері, Өскемен қалалық Ішкі істер басқармасы және жол патрульдік полициясы қызметкерлері қатысты.

Эстафета - ДинамоЭстафетаның басты мақсаты – қызметкерлер арасында дене шынықтыру мен көпшілік спортты насихаттау жұмыстарын жандандыру және халық арасында полицейдің оң имиджін қалыптастыру.

Жарыс алдында 13 командаға бөлінген сақшылар Тәуелсіздік даңғылындағы Металлургтер мәдениет үйінің жанында сапқа тұрды. Әр команда құрамына бес адамнан енді. Олардың әрқайсысы 800 метр қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс болатын. Дәстүр бойынша старт Тәуелсіздік даңғылындағы Металлургтер мәдениет үйінің жанынан беріліп, Ворошилов көшесіндегі ШҚО Ішкі істер департаменті ғимаратының жанында аяқталды.Полицейлер эстафетасы - Динамо

Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды: ШҚО ІІД «Арлан» арнайы бөлімшесі – бірінші орын, ШҚО ІІД жол патрульдік полициясы батальоны – екінші орын және үшінші орынға Өскемен қ. ІІБ аппаратының командасы табан тіреді.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты департаменттің плацында өтті. Мерекелік эстафетаға қатысушыларды «Динамо» ДШСҚ ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары, отставкадағы полковник Александр Алябьев құттықтап, жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.

ШҚО ІІД
баспасөз қызметі