Полиция қызметкері

Қазіргі таңда полицейлер қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға сонымен қатар өнегелі, игі істер жасап лайықты үлес қосып келеді.

Облыс көлемінде жүргізілген «Мектепке жол» акциясының күші полиция қызметкерлері арасында әлі де жалғасын табуда.  Бұл жолы акция мектепке керек жарақтар емес, спорт киімдері яғни дзюдоға арналған киімдер  тарту етілді.

Аталмыш акцияда «Облыстық мамандандырылған спорттық мектеп интернаты» оқушыларына назар бөлінді. Осы мектептің аға жаттықтырушысы Өміралиев Самат жаттықтырған азаматтар, самбодан «Қазақстан Жеңімпазы», «Әлем Жүлдегері» — Айтбек Айбол және дзюдодан «Азия  Жүлдегері», «Қазақстан Жеңімпазы» атағына ие болғандар – Оразалы Ермекбаев, Шыңғысхан Жақыпов, сондай-ақ Абай Ерболұлы. Қазақ арландарының әрқайсысы шетелден арнайы қомақты қаржыға тапсырыспен алынған киімдерді иеленді. Қомақты тартуларды  Тараз қ. ІІБ 2-ПБ бастығы полиция подполковнигі  Нариман Әлиев өзі жеке жеңімпаздардың қолына ұсынды.

— Отанымыздың намысын қорғайтын, қашанда байрағын биіктен көрсететін сендер секілді қазақ серілері көбейе берсін. Біздер полиция қызметкерлері қоғамның құқығын қорғасақ, сіздер спортшылар ұлтымыздың мәртебесін қорғаңыздар. Барлықтарыңыз Елімізге қажымай еңбек етулеріңізге тілектеспін!, — деді подполковник.

Полиция подполковнигі де осы тұста құр қайтпады, спортшылар Жамбыл облысы дзюдо федерациясының атынан алғыс дипломын беріп, жасаған игі ісіне алғыс білдірді.

Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі

IMG_7580IMG_7584IMG_7596
IMG_7600