Рио қаһармандарына құрмет көрсетілді

22238647f0c2728ddb7e66245a54a260Тамыз айының 26-сы күні Астана қаласында XXXI жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты. Салтанатты шараны ашқан Елбасы барша қазақстандықтарды Ұлттық құрама өрендерінің Рио-де-Жанейродағы ХХХI жазғы Олимпиада ойындары төрінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Мемлекет басшысы жиналған қауым алдында алғашқы сөзін: «Біздің спортшыларымыздың Олимпиададағы медальдары, жоғары спорттық нәтижелері мен жетістіктері Қазақстан тәуелсіздігінің алдағы 25 жылдығына лайықты сый болып саналады. Сіздер біздің еліміздің халықаралық спорттағы мәртебесі биіктігін дәлелдеп, жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың үмітін ақтадыңыздар»  — деп бастады. Әрине, қазақ спортшылары Тәуелсіздік алғаннан бері 9480c0f25620ae6d42300faea5e30636Олимпиада ойындарында  медальдар саны жағынан тұңғыш рет тарихи рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Осыны тілге тиек еткен Елбасы:  «Бұл – Қазақстанның әлемдік олимпиадалық қозғалысқа қатысу тарихындағы басқа Олимпиада ойындарындағы жүлделерден әлдеқайда көп. Ресми емес медальдік есепте біздің олимпиадалық құрама әлемнің 207 елінің спорттық құрамалары ішінде 22-ші орында тұр. Баршамыз Риодағы Олимпиада тұғырында еліміздің әнұраны 3 рет шырқалып, туымыздың 3 рет ең биікте желбірегеніне мақтанамыз. Осылайша, боксшы Данияр Елеусінов, суға жүзуден ел тарихындағы тұңғыш чемпион – Дмитрий Баландин, ауыр атлет Ниджат Рахимов ерекше жетістіктерге жетіп, Олимпиада жеңімпазы атанды. Олимпиададағы табыстың ортақ қоржынына 5 күміс және 9 қола медаль иегерлері мол олжа салды», — деп, спортшылардың ерен еңбегіне тоқталды.

1bebfed62ce97d1316a347b358cf5a41Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамына, олимпиадашылардың отбасыына және барша қазақстандықтарға сайыста қолдау білдіргені үшін, ал спортшыларға – нағыз бәсекеде көрсеткен ерік-жігері мен олимпиадалық даңққа ұмтылысы үшін алғысын білдірді. Жарқын жеңістерге қол жеткізгенімізді айта отырып: «Қазақстандықтардың 2016 жылғы жеңіп алған марапаттарын қосқанда еліміздің олимпиадалық қазынасындағы медаль саны 69-ға жетті. Біздің елімізде 1992 жылдан бергі жазғы және қысқы Олимпия ойындарында жеңімпаз болған 19 олимпиада чемпионы, 22 күміс және 28 қола медаль иегерлері бар. Бұл жоғары жетістіктер – мемлекеттің тұрақты қамқорлығының және спортты дамытуға жағдай жасаудың нәтижесі, -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты рәсім барысында  олимпиада a2534cd5ae50d6bf507957e839879b7cчемпиондары мен жүлдегерлеріне мемлекеттік марапаттар тапсырды. Мәселен, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен боксшы Данияр Елеусінов, суға жүзуші Дмитрий Баландин және зілтемірші Ниджат Рахимов марапатталды. Осы орденді Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовтің де кеудесіне тақты. Бұл спортшылардың жүлдесін алтынға теңеген Мемлекет басшысы: «Спортттық жетістіктің эстафетасын боксшыларымыз қуаттады, яғни өткен Олимпиаданың вице-чемпионы Әділбек Ниязымбетовтің және Василий Левиттің еңбегі ерекше. Біз баршамыз білеміз, бұл екі боксшымызды Олипиаданың алтын жүлдегері деп санау керек. Осы ретте марапаттауда, сондай-ақ ынталандыру тұрғысында оларды «алтын» медаль алғандармен теңестірдім», — деді. Яғни, Риодағы Олимпиада ойындарында «күміс» медаль алған Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левитке «алтын» медальдің сыйақысы табыс етілетін болды.

Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегерлері – боксшы Иван Дычко, балуан Гюзель Манюрова, зілтемірші Жазира Жаппаркұл мен дзюдошы Елдос Сметов «Парасат» орденімен марапатталса, өзге қола жүлде иегерлері – Галбадрах Отгонцецег, Карина Горичева, Александр Зайчиков, Екатерина Ларионова, Эльмира Сыздықова, Фархад Харки мен Дариға Шәкімова «Құрмет» орденін алды.

Елі мен Елбасының құрметіне бөленген Рио қаһармандары Мемлекет басшысына еліміздегі спорт пен дене тәрбиесін дамыту мәселелеріне ұдайы қолдау көрсетіп, көңіл бөліп отыратыны үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, тамыз айының 5-і мен 21-і аралығында Бразилияда өткен Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан құрама командасы жалпы саны 17 медаль жеңіп алды.  Осымен  Олимпиада ойындарына 6-шы рет қатысып отырған өрендеріміз бұл жолы 3 алтын, 5 күміс және  9 қола жүлде еншіледі. «Алға Қазақстан, алға Динамо!» деген ұранмен жеңіс тұғырынан көрінген өрендеріміз бен динамолық спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз.

889185e79f7d07b1f7148d04b4417c7b