Cәуір айында Түркістан қаласында самбо күресінен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда барлығы 16 команда қатысып, 90 спортшы күш сынасты.
Жамбылдық спортшылардың атынан өнер көрсеткен жас динамошы қыздарымыз біздің сенімімізді ақтады. 52 келі салмақта – екінші орынға Жансая Жасұзақова табан тіресе, 80 келі салмақта – бірінші орынды Ақтолқын Смағанбетова қанжығасына байлады. Сонджай ақ, 80 келіден жоғары салмақта күш сынасқан Арайлым Шегенова да жеңіс туын көтерді. Нәтижесінде, біздің спортшылар командалық есеп бойынша екінші орын иеленді.
Тағы бір қуанышымыз, Ақтолқын Смағанбетова мен Арайлым Шегенова ҚР Спорт шебері атағына ие болып, ағымдағы жылдың қазан айында Корей мемлекетінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алса, Жансая Жасұзақова маусым айында болатын Азия чемпионатына қатысу мәртебесін ұтып алды. Споршы қыздарымыздың осындай биіктен көтерінуіне облыстағы «Динамо» ДШСҚ-ғы самбо күресінен аға жаттықтырушы Ержан Баймуратовтың зор ықпал етті. Алдағы уақытта ұйымдастырылатын жарыстарда жас динамошы қыздарымыз біз артқан сенімімізді ақтап, жамбылдық спортшылардың туын биіктен көтереді деген үміттеміз.
Жомарт Ысқақ, Жамбыл облыстық
«Динамо» ДШСҚ төрағасының
бірінші орынбасары
Самбошы қыздар үмітімізді ақтады
- 2 июня, 2014
- 11:52 дп