Тартысты дода

«Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамында тағыда жарыс. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай Ақмола облысы полицейлері арасында қоян-қолтық күресінен турнир өтті.   

Үздік «файтер» атағы үшін біріншілікте ішкі істер органдарының қалалық, аудандық құрылымдарының, сонымен бірге Жол полициясы басқармасы мен мамандандырылған күзет қызметінің үздік спортшылары қатысты.

Ашылу салтанатында қатысушылардың алдында сөз сөйлеген облыстық ІІД КЖБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Виктор Букреев құттықтау сөз сөйледі, ол «тәні саудың – жаны сау» дегендей спортпен айналысудың маңыздылығына тоқталып, бәріне де тартысты сайыс тіледі.

Турнирге 110-ға жуық қатысушы жиналды, ал бұл 19-дан астам команда. Жарыс 65-тен бастап 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтті.

Турнирдің барлық қатысушылары жақсы денешынықтыру дайындығын, өздерінің ерік-жігерлері мен әскери қоян-қолтық күрес тәсілдерін меңгеру біліктіліктерін көрсетті.

Кілемге бірнеше рет шыққандардан басқа титулданған спортшылар да бар. Олардың арасында қоян-қолтық күресі бойынша спорт шебері «Арлан» арнайы мақсаттағы құрылымның қызметкері Кенжебаев Арман да бар. Ол бұл сайыс барысында 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ Степногорск ішкі істер басқармасының өкілі полиция аға лейтенанты Сисекеев Ержан «Жеңіске деген жігері үшін»  грамотасымен марапатталды.

Күрес жүргізудің үздік техникасы үшін 65 кг салмақ категориясында 1-орынға ие болған, Ақмола облысы, Степногорск қаласының ІІБ криминалды полиция бөлімінің қызметкері полиция аға лейтенанты Күлкенов Әмір марапатталды.

Жалпы командалық сынақта жүлделі орынға топты жара алға суырылып ІІД аппараты командасы шықты, олардың артынан сәл ғана айырмашылықпен Ақмола облысы Мемлекеттік күзет қызметі командасы орнықты, ал ең үздік үштікті Степногорск қ. ІІБ командасы аяқтады.

          Бұл жарыста үздік нәтиже көрсетіп жеңіске жеткендер: 70кг. салмақта Ақмола облысы Мемлекеттік күзет қызметі өкілі Жақанов Біржан, 75 кг. салмақта ІІД  «Арлан» қызметкері Токушев Дулат, 80 кг. салмақта ІІД  «Арлан» қызметкері Жүсіпов Қуаныш,  85 кг. салмақта ІІД ҰҚКБ қызметкері Қалиақпаров Ілияс, 90 кг. салмақта Қазыкенов Алтынбек  және 90 кг. аса Кенжебаев Арман сияқты «Арлан» арнайы мақсаттағы құрылымның қызметкері талай мәрте қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Барлық қатысушы қызметкерлердің бойында жеңіске деген ынта-жігер байқалды. Турнир командалық болғандықтан, әрбір қатысушы өз командасы үшін үлкен жауапкершілікте болды. Бұл жарыс – ең бірінші кезекте, ІІО қызметкерлерін салауатты өмір салтын жүргізуге және спортпен айналысуға тарту болып табылады.

Нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған сайыскерлер құнды сыйлықтармен медаль және кубоктармен марапатталып, қалған қатысушылардың барлығы да грамота және ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі

Асан Аубакиров

1 2