V дүниежүзілік көшпенділер ойындары

Астана қаласында осы жылдың қыркүйек айының 8 мен 14 аралығынла дүниежүзілік көшпенділер  халықтарының мәдениетін жандандыру және сақтау мемлекеттермен- қатысушылардың арасында өткен іс шараның негізгі мақсатының бірі болды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны алғашқы рет 2014 жылы Қырғызстанда өткізілді. Оған 19 елден 580  өкілдері қатысты.

Осы жылы Астана қаласы 85 елден 2000 қатысушыларды жинады. Осы ойындарға барлық жылдары  жүлдегерлерден тұратын Қазақстан командасы қатысып келді. Осы ойындарда ұлттық құрама командасы  турнирдің қорытынды сызбасының  басында болып, жалпы саны 112, оның ішінде 43 алтын, 32 күміс, 37 қола медалдарына ие болды.

Жалпы жеңіс қоржынына динамошылар өз үлесін қосты. Арқан тартудан әйелдер командасы бойынша Астана қ. ПД ЖҚАЖ  әйелдер взводы екінші орынға ие болды.

Ұлытау облысының ПД қызметкері Асселмұрат Бірімжан 65 кг салмақта Масс-рестлинг бағдарламасында  қола жүлдесіне ие болды. Көрэш бағдарламасының жоғары баспалдағына 90 кг салмақ санатында белбеуге күрес бойынша құрама мүшесі динамошы Шаймерден Біржан көтерілді. Соның серіктесі 75 кг салмақтағы Бектай Бекнұр қола медалінің иегері атанды. Қазақ күресі бойынша  ұлттық құрама мүшесі Ахметғали Әділет Ойында екі мәрте жүлдегер болды:  Кураш бағдарламасы бойынша (өзбек күресі)  үштік  жүлдегерлікті жапты, Ашыртмалы аба гюреши (түрік күресі) бойынша «күмісті» жеңіп алды.