2024 жылғы Олимпиада ойындарының қорытындысы
Көптен күткен Олимпиада ойындары артта қалды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 7 марапатқа ие болды: оқ ату бойынша командалық жарыста келесі спортшылар қола медальдарын алды – Александра Ле («Динамо») және Ислам Сатпаев; әйелдер боксы бойынша – Назым Қазыбай («Динамо»); дзюдодан – Гусман Кыргызбаев. Күміс медальдары: грек-рим күресінен – Демеу Жадраев; спорттық гимнастика бойынша Нариман Курбанов; бокстан – Нұрбек Оралбай («Динамо») және Олимпиаданың алтын медалі – ЕЛДОС СМЕТОВ, «Динамо» штаттық команданың капитаны.
Олимпиада ойындарының басталуына дайынбыз!
Олимпиада ойындарының басталуы қарсаңында Парижде олимпиада ұлттық құрамасының құрамы анықталды. 80 олимпиадашының 44-і «Динамо» қоғамының өкілідері, 92-ден 54 лицензия – динамошылардың есебінде.
Париждегі олимпиаданың ашылуында құраманың ту ұстаушылары — динамошылар Асланбек Шымбергенов және Ольга Сафронова болды.
ІІМ мен ҰОК Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен еліміздің Ұлттық Олимпиада комитеті арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. «Динамо» ДШСҚ ҚБ төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Е. Саденов Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинмен кездесуде «спорт» және «полиция» ұғымдарының жақындығына қатысты өз пікірін білдірді: «Спорт кадрларының ұстасы болып табылатын «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы қазақстандық спорттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бүгінгі кездесу біздің спортты дамытуда және жоғары нәтижелерге қол жеткізуде өзара іс-қимылымызды жалғастыратынына сенімдімін. Тәуелсіздік жылдарында олимпиада ойындарында жеңіп алған 71 медальдың 66-сы «Динамо» қоғамынан шыққандарға тиесілі екенін атап өткім келеді. Көрнекті боксшы, еліміздің мақтанышы – Геннадий Головкин де «Динамо» дене шынықтыру қоғамдастығының тәрбиеленушісі.
ҰОК президенті өз кезегінде «ҰОК біздің олимпиадашыларды даярлауда Ішкі істер министрлігінің қолдауын жоғары бағалайды. Біздіңынтымақтастығымыз Қазақстанда спортты одан әрі дамытуға және спортшыларымызды әлемдік аренадағы жаңа жеңістерге дайындауға ықпал ететініне сенімдімін. Бәрімізде міндетіміз бір, бәріміз еліміздің атынан шығамыз, сондықтан бірге жұмыс істейміз», — деді Г. Головкин.