Кванджу қаласында жалауын көтерген жазғы Универсида ойындарында динамолық дзюдошы Жанар Қашқын жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. 70 келі салмақта татамиге шыққан жерлесіміз қола жүлдегер атанды.
ҚР дзюдо федерациясының хабарлауынша, Жанар Қашқын алғашқы белдесуде қырғыз аруы Айжан Қайырбековадан басым түскен. Одан кейін тайпейлік Шан Люден жеңілгенімен жұбаныш белдесуде моңғолдық Нямсурэн Ундрахзая мен итальяндық Ферари Валерияны қапы қаллдырды. Ал үшінші орын үшін болған кездесуде бразилиялық Аманда Оливерден айласын асырды.