Жастар қоян-қолтық ұрыстан бақ сынады

Жастар қоян-қолтық ұрыстан бақ сынады - ДинамоАлматы экономикалық колледжінің спорт залында Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай осы оқу орталығының директоры, профессор Ж.Н.Қасымбектің жүлдесі үшін қоян-қолтық ұрыстан қала біріншілігі өтті. Жасөспірімдер арасында жалауын көтерген сайысқа «Динамо» ДШСҚ қолдау білдірді.

         Жарыстың ашылу салтанатына құрметті қонақтармен бірге Алматы экономикалық колледжінің директоры Жақсыбай Нұрлыбайұлының өзі де қтасыпы, сөз сөйледі. Барша қауымды Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, соғыстағы бабалар ерлігін тілге тиек еткен ол, сөз соңында сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. «Біздің колледжімізде де көптеген жарыстардан жеңіспен оралып жүрген спортшыларымыз бар. Біз оларға әрқашан қолдау білдіріп отырамыз», — деді ол. Одан соң әнұранымыз шырқалды. Ал, тартыс алдында колледж студенттері арнайы флешмоб ұйымдастырып, әр түрлі әуендерге биледі. Жастардың бұл сыйы сайыс алдынджағы жанкүйерлер мен спортшылардың көңіл-күйін көтеріп тастады.Жастар қоян-қолтық ұрыстан бақ сынады - Динамо1

Енді сайыс барысына тоқталсақ, біріншілік жасөспірімдер мен жастар арасында өтті. 1998-1999 жылдары дүниеге келген спортшылар арасында бағы жанған спортшылар: 55 келіде – Рауан Омарбеков (І орын), Абай Әлімжанов (ІІ орын), Алмат Жұмабеков (ІІІ орын); 60 келіде – Нұрислам Қалиев (І орын), Бекмұрат Омаров (ІІ орын), Нұргелді Нұрсоветов (ІІІ орын); 65 келіде – Жәнібек Қанатбаев (І орын), Нұрсұлтан Омарқұлов (ІІ орын), Аслан Лязгиев (ІІ орын); 70 келіде – Ислам Тұрғанбаев (І орын), Ерболат Арипов (ІІ орын), Сәрсен Кәрімбеков (ІІІ орын); 80 келіде – Нұржан Мәуленов (І орын), Руслан Жүнісов (ІІ орын), Никита Бычков (ІІІ орын).

Жастар қоян-қолтық ұрыстан бақ сынады - Динамо2Ал, 1995-1997 жылдары дүниеге келген жастар арасында мына спортшылар жеңіске жетті: 55 келіде – Бағлан Нұрисанұлы (І орын), Олжас Мұхметқанов (ІІ орын), Бауыржан Қалс (ІІІ орын); 60 келіде – Ерлан Қазыкен (І орын), Алтынбек Мағаз (ІІ орын), Амердин Маметниязов (ІІІ орын); 65 келіде – Азамат Рахымбай (І орын), Мұрат Рахманқұлов (ІІ орын), Елшат Әбиев (ІІІ орын); 70 келіде – Нұрбол Өтегенов (І орын), Абылайхан Қадыржан (ІІ орын), Орал Жайырбек (ІІІ орын); 75 келіде – Жеңіс Әбдірахман (І орын), Бейбарыс Мошанов (ІІ орын); 80 келіден жоғары салмақта – Дияр Нұрғожай (І орын), Константин Куртиди (ІІ орын) және Шарапат Бисенбаев (ІІІ орын).

Жеңімпаздарға кубок пен медальдар табыс етілді.