Журналистер додасы

Журналистер додасыМаусым айының 20-сы күні Алматы қаласындағы «Динамо» стадионында жасыл алаңды дүбірге бөлеген доп додасы өтті. Шағын футболдан журналистер арасында ұйымдастырылған турнир «Динамо» ДШСҚ-ның 90 жылдық мерейтойы мен журналистер күніне арналды.

Бұл жарыста өнер көрсетуге түрлі телеарна мен радио, газет пен баспа, сондай-ақ, ақпараттық сайт ұжымдарынан құралған 11команда өтініш берді. Олар: «Алматы» арнасы, «Вести.kz», «Сардар-Сайт», «Қаламгер», «Қазақ радиосы», «Айықын» газеті, Бұл жарыста өнер көрсетуге түрлі телеарна мен радио, газет пен баспа«Динамо» ардагерлері, «Хабар» арнасы, «Футбол әлемі», «Аламан.kz» және «Жас Динамошылар» командалары.

Межелі күнде таңғы 09:00-ден бастап «Динамо» стадионына жиналған журналистер әуелі сапқа тұрып, жарыстың ашылу салтанатына қатысты. Осы сәтте «Динамо» ДШСҚ Спорт басқармасының бастығы Николай Князев, ҚРР Білім министрлігіне қарасты республикалық ғылыми-практикалық институтының  директоры Марат  Қошаев және ардагер спорт журналисі Рабат Жәнібеков сөз сөйлеп, журналистерді төл мерекесімен және «Динамо» спорт қоғамының 90 жылдығымен құттықтай отырып, жарысты ашық деп жариялады. Әсіресе, «Динамо» спорт қоғамының рөлі мен тарихына тоқталған Рабат ағамыз Бұл жарыста өнер көрсетуге түрлі телеарна мен радио, газет пен баспакезінде осы стадионнан талай репортаждар жүргізгенін есіне алды. Әрі қарай әнұран ойналып, журналистер жарысқа қызу кірісіп кетті.

Ұйымдастыру комитетінің ұйғарымына орай, командалар екі топқа бөлінді. Әр топтан ең жоғары ұпай жинаған екі команда ғана жартылай финалға өтетін болып келсілді. Екі алаңда өткен топтық ойынның барлығы өте тартысты, қызықты өтті. Төбеден түскен күннің ыстығына қарамай жан алысып, жан беріскен ойыншылар жартылай финалға берілетін жолдамаға таласты. Нәтижесінде І топтан «Алматы» арнасы мен «Сардар-Сайт» командасы келесі айналымға өтсе, ІІ топтан «Хабар» мен «Аламан.kz» ойыншылары суырылып алға шықты. Ал жартылай сында «Алматы» арнасы мен «Аламан.kz» командалары бақ сынаса, келесі ойында «Хабар» мен «Сардар-Сайт» ойыншыларының жолдары түйісті. Жартылай финалдық тартыстыФутбол турнир Динамо жүргені соншалық, жеңімпаз командалар тек пенальти арқылы ғана анықталды. «Аламан.kz» ойыншылары «Алматы» арнасынан 5:4 есебімен басым түссе, «Сардар-Сайт» аяқ доп шеберлері «Хабар» командасынан 4:3 есебімен басым түсті. Ақтық кезеңде аламандықтардан 2:0 есебімен айласын асырған «Сардар-Сайт» ойыншылары турнирдің жеңімпазы атанды. Үшінші орын үшін болған таласта «Хабар» арнасымен алаңға шыққан «Алматы» командасының асығы алшысынан түсті. Есеп 1:0.

Үздік командаға теледидар тарту етілсе, екінші орыннан көрінген «Аламан.kz» командасына музыкалық орталық берілді. Сондай-ақ, «Динамо» ардагерлерінің ойыншысы Әлім Анапиянов «Үздік қорғаушы», «Алматы» арнасынан Талғат Футбол турнирҚожабеков «Үздік шабуылдаушы» және «Сардар-Сайт» командасынан Дәулет Каримов «Үздік қақпашы» атанды.

Бір сәт қалам мен қағаздан алыстап, жасыл алаңда доп тепкен  журналистер төл мереке қарсаңындағы керемет көңіл-күй сыйлаған «Динамо» спорт қоғамына алғысын айтып жатты.

Әрине, жарыс бір күннің ішінде өте шыққанымен, оның ыстық-суығына күйіп, тынбай шапқылаған жандардың орны ерекше.  «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов игі істің басында тұрса, ұйымдастыру комитетінің өкілі, белгілі журналист Ақын Ордабайұлының да еңбегі зор. Ал турнирге демеушілік жасаған «Global» құрылыс компаниясының президенті Мұхит Әзірбаев ағамызға алғысымыз шексіз.

«Динамо» ДШСҚ
баспасөз қызметі