Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының алғашқы дайындық және дене шынықтыру кафедрасының 1-2 курс тыңдаушылары арасында 700 м қашықтыққа командалық эстафета өткізілді.
Эстафетаға барлығы 90 қызметкер қатысты: әр командада 20 ұл және 10 қыз. 38.12 минут нәтижесімен ұлдар арасында бірінші орынды 1 курс командасы, ал 24.59 минут нәтижесімен қыздар арасында 1 курс командасы иеленді. Командалық есепте екінші орынды 38,54 минут нәтижесімен 2 курс командасы иеленді — ұлдар, 27.59 минут нәтижесімен-қыздар. Үшінші орынды 40.54 минут нәтижесімен алғашқы дайындық тобы, сондай-ақ 31.10 минут нәтижесімен қыздар алды.
Көктемгі кезеңнің басталуымен Академия аумағында тұрақты негізде академияның курсанттары мен тыңдаушылары үшін түрлі жарыстар өткізіледі.