2019 жылдың 06 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында «Динамо» спорт кешенінде 6-18 жас аралығындағы спортшылар арасында таеквон-до Гтф бойынша жарыс өтті. Олардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының біріншілігіне спортшыларды іріктеу жүргізілді. Қатысушылар саны 150 адамнан асты. Жарыстағы «Динамо» ДШСҚ командасы 55 спортшыдан құралды, олар жалпы командалық 1 орынға ие болды. Үздік техника үшін кубокқа ие болған спортшылар арасында: Хаметова Сабина, Ваганов Абусалих, Ольденбург Яков, Наумов Максим, Ысқақов Манас, Имамбаев Алмаз, Мирзакимов Тимур, Хаметов Расул, Штефанов Евгений бар.
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Динамо» ДШСҚ филиалы спорт пен салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін Таеквон-до Гтф Федерациясының Президенті Святослав Жевидьке алғысын білдірді.