Облыстық Полиция департаменті және «Динамо» ДШСҚ ұйымдастырған жарыстар ату спортын насихаттау және ведомство қызметкерлері арасында кәсіби шеберлікті арттыру үшін өткізілді. Жарысты Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев ашты, ол іс-шараның полицейлердің кәсіби дағдыларын арттыру үшін маңыздылығын атап өтті.
– Бізде мықты дәстүр бар-Қостанай облысы департаментінің құрама командалары жыл сайын ІІМ жарыстарында, чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болады. Бірнеше рет жеңімпаз атандық, — деп атап өтті «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Виктор Чернявский. Жарыста 1-орынды иеленген СОБР қызметкері, дзюдодан спорт шеберінің кандидаты Алиса Бисембаева жеңіске деген шынайы ерік пен жақсы ату техникасын көрсетті. СОБР инспекторы, самбо, дзюдо және қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне үміткер, жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сая Әуелбекова екінші орынға ие болды. 3 орынды криминалдық полиция қызметкері Гүлзана Камзина иеленді. Ол қызмет барысында түрлі жарыстарға қатысқан.