Бүгін Алматыда әуе апатынан қаза тапқан, ҚР ІІМ еңбек сіңірген ардагері, Қазақстан Республикасының «Генералдар кеңесінің» төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың құрметіне мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті. Оның туған елінің игілігі үшін еңбек етуге деген ықыласы зейнеткерлікке шыққаннан кейін де, жиырма жылдай басқарған «Генералдар кеңесі» құрылған кезде де айқын көрінді.
Осы жылдар ішінде Рүстем Қайдаровтың басшылығымен «Генералдар кеңесі» үлкен жұмыс атқарды. Рүстем Есімханұлы көрнекті қоғам қайраткері ретінде артына үлкен із қалдырды. Жастарға патриоттық тәрбие беруге ерекше көңіл бөлді. Еліне адал қызмет еткен Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың есімі ел есінде мәңгі сақталмақ.