Қолданбалы қызметтік спорт түрлері
«Динамо» денешынықтыру спорт қоғамы еліміздің құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене тәрбиесін жетілдірумен олардың даярлығын әр уақытта қамтамасыз етіп отыру тұрғысында қолданбалы қызметтік спорт түрлері бойынша жыл сайын Республикалық деңгейде ірі чемпионаттар мен турнирлер өткізіп отырады.
Қазіргі таңда 90 мыңға жуық құқық қорғау органдары мен басқа да күш құрылымдарының қызметкерлері «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамының мүшесі болып табылады. Яғни, 383 дене тәрбиесі ұжымдарын «Динамо» спорт қоғамы біріктіріп отыр. Қоғамда 259 үйірме жұмыс істеуде, және онда үнемі 6 мыңнан аса қызметкер машықтанып отырады.
«Динамо» спорт қоғамы Орталық кеңесінің 2008-2012 жылдар аралығында құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында қолданбалы қызметтік спорт түрлері бойынша өткізген чемпионаттарына тоқталып өтсек. Бұл аралықта құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында қоян-қолтық ұрысынан, волейболдан, шағын-футболдан, самбо күресінен және тағы басқа спорт түрлерінен Республикалық деңгейдегі «Динамо» ДШСҚ Орталық кеңесінің 18 чемпионаты өткізілген. Ал, 2013 жылдың қыркүйек айында Павлодар қаласында жауынгерлік қарудан оқ атудан чемпионат ұйымдастырылды.