Лейпциг қаласында қоян-қолтық ұрысынан Әлем кубогі аяқталды

Ағымдағы жылғы 18-21 қазан аралығында Германия Федеративтік Республикасының Лейпциг қаласында қоян-қолтық ұрысынан әлем Кубогі аяқталды. Барлығы әлем біріншілігіне 26 елден, 200-ге тарта спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар төмендегідей анықталды: Жалпы командалық есепте 1-орынды Ресей Федерациясының құрама командасы жеңіп алса, 2-орынға Өзбекстан Республикасының құрама командасы жайғасты. Ал 3-орынды  Қазақстан құрама командасы иеленді. Қоян-қолтық ұрысының «Жеке қорғану» бөлімі бойынша: 1-орын Бауыржан Сыздықбаев (90кг); 2-орын Әділ Қайырбаев (80кг дейін) IIМ ҚАЖК қызметкері және  Мақсат Бекмұханбетов (80 келіден жоғары) ІІМ МКҚБ-ның қызметкері; 3-орын Серік Қайнарбаев (90 кг), Қанат Баймурзин (80 келіден жоғары) Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің қызметкері.

Жекпе-жек сайысының нәтижелері бойынша:

1-орын –   Жандос  Асқарбекұлы (80кг) Алматы қаласы МКҚБ;

2-орын –   Айбек  Саметаев (85 кг) ШҚО ПД қызметкері және де Ердәулет  Жеңіс (+90кг) Алматы қаласы МКҚБ;

3-орын –  Асхат  Жылысбеков (60кг) Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД,

Нұртас  Жұмағазыұлы  Нұр-Сұлтан қаласы ПД                                                                                                                     Ермек  Керимшеев (90кг) Алматы қаласы МКҚБ.