Динамо ДШСҚ Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі

Изображение 310513 083«Динамоның» Шығыс Қазақстан Облыстық кеңесі 1939 жылдың 29 қазанында өз тарихын бастаған. Дәл осы жылы спорт базалары іске қосылып, стадион, тирлер және спорт алаңдары қолданысқа берілді. Соынмен қатар осы жылдан бастап өңірдегі спорт шараларының көбі «Динамо» туына арқа сүйеп өтіп жатты. Спортсүйер қайым бүгінге дейін конькиші Владимер Козлов,Людмила Прокашева, шаңғышы Қалиқан Ноғамбаев, Игоь Плесовский, тау шаңғышысы Геннадий Дмитиев,Юлия Копотилова, спортшы -өрт сөндіруілерВ. Конш,В.Долматов және басқаларды есінде сақтайды. 1972 ж аймақта жаңа спорт кешені бой көтеріп, онда 2 зал, жаттықтыру залы, қалыптастыру орталықтары бар. Бұл оқиға облыстық спорттың дамуына кәдімгідей әсер етті. «Жас динамошылар» клубына 168 адам қабылданды. Соңғы жылдары бөлімшеден халықаралық дәрежеде 6 шебер, 102 спорт шебері, 14 ҚР Спорт шебері атағын иеленді.
2006 жыл Доха қаласында өткен 15-жазғы Азиа ойындарында Шығыс Қазақстан 6 медаль иеленді;оның 1 алтын, 2 күміс және 3 қола. Ал қысқы Азиа ойындарында 3 алтын, 3 күміс, 2 қоланы қанжығалаған болатынбыз. 2011 жылы 7 қысқы Азиа ойындары өткен болатын. Бұл сайыста Қазақстан қанжығасына 32 алтынды, 21 күмісті, 17 қоланы байлады. Бұл жеңістің тең жартысын елімізге Шығыс Қазақстан облысының динамошылары алып бергендігімен мақтанамыз. Олар шаңшышылар: Алексей Полторанин(4 алтын мен 1 қола медаль), Оксана Яицкая (2 алтын және 1 қола), Елена Коломина(2 алтын және 2 күміс), фристайл бойынша-Юлия Галышева(2алтын және күміс медаль). 2014 жылы біздің жерлестеріміз Қазақстанның байрағын биіктен желбіретеді дегенге сенеміз. Әрине жеңістің дәмі оңайлықпен бұйырмайды. Оған еңбектену керек. Сондықтан біздегі жас динамошылар мықты спортшыларымыздан үлгі алуы керек. Қазақстанда спортпен шұғылдануға барша мүмкіндік жасалған. Таңнан қара түнге дейін «Динамо» ДШС-ның біздегі ғимаратында ІІД мен ІІБ-ның қызметкерлері қоян-қолтық күрестен, у-шу мен фристайлдан акробатика мен дзюдодан және көркем гимнастикадан жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Ал күнтізбелік жоспар бойынша волейбол мен, кіші футболдан, үстел теннисі мен армрестлингтан, кір тасын көтеруден, полициялық эстафетадан,Әскери қызметтік спорт түрлері мен шаңғы жарысынан, сонымен қатар күш құрамдарымен қосылып шаралар өтізеді. Сонымен қатар «Динамо» кешенінде оқушылардың көркем гимнастикадан, акробатикадан жане у-шудан сайыстары ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қоса, «Динамо Қазақстан» балалары үшін шарасын жыл сайын асыға күтеміз.
1975 пен 2000 жылдар аралығында «Динамоның» Шығыс Қазақстандық бөлімшесін «Мақтаулы динамошы» Шалпаков Борис Алексанрович басқарды. Ал 2006 жылдан бастап бүгінге дейін Алябьев Александр Дмитриевичтің басшылығында. «Динамоның» спорттық базаларын жаңғыртуға, шараларын өткізуге облыстық әкімдіктен көп көңіл бөлініп жүр. Бүгінде спорт кешеніне күрделі жөндеу жүргізілген. Облыстық спорт басқармаларымен бірлескен жұмыстар жасалады. «Динамоның» орталық кеңесінің негізгі мақсаты секілді Шығыс Қазақстанда да балалар спортына ерекше ден қойылған. Өңірдегі ауыл аймақтарын аралап «21 ғасыр ауылы» бағдарламасының жүзеге асуы қадағаланып тұрады.

3      2     1 Изображение 310513 074