Италияда дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі доданың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына жүлде түсті. Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені 60 келі салмақта сынға түскен динамошы Шерзод Давлатов салды. Ол қола үшін белдесуде өзбекстандық Камолиддин Бахтиеровтен айласын асырды.
Динамолық дзюдошы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
- 25 октября, 2021
- 3:01 пп