Ел чемпионы шымкенттік динамошы Эльмир Алимжанов атанды. Екінші тұғырға Шығыс Қазақстандық динамошы Вадим Шарлаимов (ШҚО) көтерілді. Қола медальдарды Кирилл Павлов (ШҚО) және Илхамжан Анарқұлов (Шымкент) еншіледі. Қылышпен семсерлесу бойынша ҚР чемпионы динамолық Саттархан Назарбай (Нұр-сұлтан) атанды. Алматылық динамошы Дамир Ибрагимов турнирді екінші орында аяқтады. Динамошылар Рахманәлі Мұхамедәлі (Шымкент) мен Нұржан Кәрім (Алматы) «қоланы»жеңіп алды.
Семсерлесуден әйелдер арасында динамолық Әйгерім Сарыбай жеңіске жетті. Басты жекпе-жекте ол Анастасия Гуликтен мықты болды. Үшінші орын Айбике Хабибуллина мен Татьяна Приходькоға бұйырды.
Шымкентте семсерлесуден Қазақстан чемпионаты аяқталды
- 1 ноября, 2021
- 3:17 пп