2023 жылдың 24 наурызында Қостанай қаласында қазақ күресі бойынша облыс чемпионаты өткізілді.
Жарысқа құқық қорғау органдары құрылымдарының, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің 70 палуан-қызметкерлері қатысты. Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары А. Ытықбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қатысушылар ағымдағы жылдың 20-22 сәуір аралығында Петропавл қаласында өтетін жарыстың республикалық кезеңіне жолдама алу үшін күресті. Спортшылар алты санаттағы салмақта жарысқа түсті. Жарыстың нәтижесі бойынша: 100 кг. жоғары салмақта М. Фазылов (Қостанай қ. ПД), 100 кг. салмақта Т. Жиентаев (ҚР ІІМ Академиясы), 90 кг. салмақта Е. Есентаев және 82 кг. салмақта Б. Олжабай (6697 ә/б өкілдері), 74 кг. салмақта Е. Жәнібек (ПД ЖҚАЖ), 66 кг. салмақта К. Ділдәбек (6697 ә/б) жеңімпаз атанды. Командалық есепте ЖҚАЖ командасы жеңді, екінші орында – 6697 ә/б, үшінші орында – ҚР ІІМ Академиясы. Қалалық және аудандық полиция бөлімдері арасында бірінші орынды Қостанай қаласының ПД, ал екінші орынды Жангелді ПБ қызметкерлері, үшінші орынды Рудный қаласының ПБ командасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.