Жаңа жыл қарсаңында мемлекеттік жүйе мен өндіріс орындары, қала берді жеке адамдар да өзіне өзі есеп береді. Есеп беру ұғымы болмасағанда-істің нәтижесі де көрінбес еді. «Динамо» ДШСҚ-ның тарихы тереңде жатыр. Жаңа жылда 90 жылдықты тойлау науқаны да басталмақ. Демек алда қыруар тірлік күтіп тұр. Ал бүгінге дейін не бітірдік? Келер шаққа өткен шақтан ауыз толтырып айта алатын қандай іс бар? Уақытта тұрлау жоқ. Тек мезеттерді еңбекпен ғана баянды етуге болатындай. Ендеше өзге емес өз жаймызды алдымыен өзімге баян қылайық. Жыл сайын «Динамо» ДШСҚ балаларға арнап «Динамо Қазақстан балалары үшін» атты шарасын ұйымдастырады. Биыл бұл шараға әр бөлімшенің атсалысуымен бүкіл еліміз бойынша 2619 бала қатысқан екен. Демек қайрымдылық шарасы арқылы Динамо осыншама бүлдіршіннің көкірегіне үміт отын маздатып, спортқа баули білді деген сөз. Бұл бір ғана айтулы шара. Онымен қоса қоғам аясында «XXI ғасыр ауылы» атты үш жыл қатарынан жүргізіліп келе жатқан шара бар. Ауылдағы қара домалақтар арасында спортқа деген құлшынысы мен талабы бар баладан болашақ динамолық спортшы тәрбиелеп шығуды мақсат тұтқан едік. Биылғы жылы да осы мақсат төңірегінде тер төгілді. «Нұр Отан» партиясымен бірлескен жобаның жемісі бүгін ертең қылтиып көрінбесе де, болашақтың еншісінде екендігіне сенміміз мол. Қазан айында ғана Жамбыл ауданының Үмбеталы ауылында ашылған спорт кешенінің куәгері боп, ауыл спортына ашылған жолға қуанып қайттық.
Задында «Динамо» қоғамының өзге үкіметтік емес ұйымдардан таудай айырмашылығы бар. Ол мемлекеттің саясатын қолдап, ел спортына үлес қосу болып табылады. Мемлкет тарапынан арнайы тапсырманы күтпей-ақ, көк байрағымыздың жеңіс желімен желбіреуіне әр отан сүйер азамат куә болып жүрген болар. Әрине артыңа қарап нәтижені топшылайсың. Бірақ топшылау- тоқмейілсу емес. Бізді ұлы мақсаттарға арналған үлкен тапсырмалар күтіп тұр. «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омаорқұлов 2014 жылы балалар спортына ден қоюды-бұдан да мақсаттандыра түсеміз дегенді айтты. Бірінші орынбасар орынды мақсат қойып отыр. Себебі спорт-Мемлекеттің имиджі.Бүгінгі жеткен жетістіктер арқылы спорттың даму қарқыны мен елімізді таныту деңгейі жақсы екенін аңғаруға болады. Ал ертең ше?Бүгінгі тіс қаққан, азулы спортшылар ардагерлерге айналады. Құнан орнын тай басарын бәріміз білеміз. Демек ертеңге дайындық керек. Болашақ-балаларда жатқанын кімнен жасырамыз. Демек балалармен жұмысты бастауды 2014 жылдың еншісіне қою-оңтайлы шешім деген сөз. Бірақ оңы мен солын танымаған балаларға бағыткерлер мен тәлімгерлер керек-ақ. Әр ата-ана баласының даңқты спорт саңлағы болғанын қалайды. Бірақ сол қалауға бастар жолды білмеуі мүмкін. Әрине болашақ спортшының кәсіпқой ретінде қалыптасуына «Динамо» үлес қоса алады. Тіпті заманында атынан ат үріккен спортшылардың да «Динамоға» ілтипаты ерекше. Себебі атағынан ат үркіп, дүркіреп тұрған кездегі құрмет «Динамода» мәңгілік сақталады. Уақыт өтіп, ұрпақ ауысса да біз өз адамдарымзды ұмытқан емеспіз. Сонымен қатар ұмытылмас есімдерді қалыптастыру үшін «Балалар спортын дамыту» мүддесі шыққандығын жасырмаймыз.
Біздің мемлекет іргесін мықтап бекітіп жиырма жылдан астам уақытта қалыптасу кезеңін басынан өткерді. Қалыптасу барысында мән берілмей, тұралап қалған салалар да жоқ емес. Бұл өмір шындығы, әрі жазылмаған заңдылық секілді. Себебі барлығын бірдей қамту қиынның қиыны. Қалыптасу кезеңінде экономиканы бүтіндеуге бел будық. Көздеген үдеден шыға білдік. Алайда бізде идеология саласы ақсаңқырап қалды да, түрлі ұстанымдар мен секталарға жол ашылып кетті. Осы олқылықтардың да орнын толтыру үшін де спортты мықтап қолға алу-заман талабы. Ауы-лаймақтарға спорттық кешендер салынып, қала балаларына арнайы кружоктар ашылса, балғындар түрлі комьютелік клубтарға емес, елге пайда тигізетін спорттық секцияларға қатысатын еді. Бүгінгі динамолықтарға болашақтың еліктеп өсуіне мүмкіндік жасаудан ерініп қалсақ, үлкен қателік жіберіп алатынымзды түсінетін кез жетті. Кім боласың деген сауалға, заңгер, әнші, әкім боламын деген армандардан бұрын, спортшы боламын деген қиялдың тұруына жол ашу біздің кезектегі мәселе. Бұлақ көрсең көзін аш демекші, ауылдан қалаға жетудің жолы таппай, жолын тапса қаражат қол байлайтын арманшыл балаларға қанат бітіруіміз керек. Демек Спорт-имидж ғана емес, спорт үлкен-идеология. Идеологиялық жұмыстар уаықт өзі дәлелдегендей бірден, тайға таңба басқандай нәтиже бере қоймайды. Бірақ еңбек ешқашан да зая кетпейді. Қазақ топырағындағы спорттың дамуына жасалып жатқан біздің үлесті біреу елер, біреу тіпті ескермес, мәселе мүле онда емес. Мәселе сөз басындай айтқанымыздай өзіңе берген есепте. Ел дамуның бір кетігіне кірпіш болып қалана алдық па? Үлкен мұнаралар майда-майда кірпіштерден құралған. Бір кірпіштен кінарат кетсе мұнара құлап түсуі ғажап емес. Бірақ біз қаланған кірпішке емес, мұнараға тамсанғанды дұрыс санаймыз. Ендеше сіз болып, біз болып болашақтың спорт мұнарасын тұрғызуға мықтап кірсіпі кеттік. Кірпіш бола алғандыңыз туралы бір ауық ойланып, өзіңізге есеп беріңіз, жаңа жылда не бітірдіңіз, ескі жылды қалай ескіркедіңіз?Біз бітіргендігіміз бен жоспаымыз туралы бөлісіп бақтық.
Айнұр Төлеу