Шаршы алаңда жас өрендер

сайт-1Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда бокстан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген динамолық жаттықтырушы Меңгерей Хайрутдиновті еске алуға арналған халықаралық дәстүрлі тунир өтті.

Ер балалар мен қыздар арасында өткен бұл турнирге 9 елден 130-ға тарта жас спортшы қатысты. Әғни, Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Куба, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және тағы басқа елдердің жас өрендері шаршы алаңда өнер көрсетті. Аталмыш турнир АИБА жарыстарының кестесіне енгізілген және Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының талаптарына сәйкес өткізілді.

АИБА-ның тәртібіне сәйкес жарысқа 1992-93 жылдар аралығында туған спортшылар қатыстырылып, олар 11 салмақ дәрежесінде қолғап түйістіру керек болатын. Дегенімен ұйымдастырушылар жарыстың ыңғайына қарай 12 салмақ бойынша өткізіп, 46 келі салмақты қосымша қосты.

Меңгерей Хайрутдинов қазақстандық бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосқан жан. 1950 жылы ол Қазақстан КСР-ның чемпионы атағын иеленген, ал 1951 жылы КСРО-ның мекемеаралық біріншілігінде қола медальға қол жеткізді. 1952 жылы Орталық Азия және Қазақстан республикаларының спартакиадасында екінші орыннан көріне білді. М. Хайрутдинов жалпы шаршы алаңда 121 кездесу өткізіп, оның 106-ын жеңіспен аяқтаған. Оның шәкірттерінің арасыннан көптеген қоғам қайраткерлері өсіп шықты.

Биылғы турнирдің қорытынды нәтижесіне тоқталар болсақ, қазақ боксшылары бұл жолы да жеңіс тұғырынан көріне білді.

49 келіде ақтық сында кубалық боксшымен қолғап түйістірген алматылық Ертұған сайт-3Зейнулдинов шаршы алаңда өзінің қожайын екендігін алғашқы сәттен байқатып, қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып шықты. Үшінші орын Өзбекстаннан келген жас боксшы Сулеймон Латиповқа бұйырды.

52 келіде Әлібек Тортаев кубалық боксшы Майкел Ф. Барероға есе жіберіп екінші орынға табан тіреді. Тәжікстандық боксшы Умед Якубов бұл салмақта үшінші орыннан көрінді.

60 келіде жеңіс тұғырына үш бірдей жерлесіміз көтерілді. ШҚО-нан келген Саят Муратбеков бірінші орын алды. Ал, алматылық Бекболат Ғалымжан екінші орынан көрінді. Үшінші орында алматылық Нұрзат Қасымбекке бұйырды.

64 келіде Өзбекстаннан келген Жасур Ахмаджанов бірінші орынға қол жеткізді. Екінші орын Қырғызстандық боксшы Ықтияр Шабданбаевқа бұйырды. Ал, алматылық Аян Қалибеков үшінші орынға жайғасты.

Сондай-ақ, 69 келіде Адлен Серіков үшінші, 75 келіде Нұржан Жақан бірінші, 81 келіде Дінислам Биболат бірінші, Айдос Дуаш үшінші, 91 келіде Абылай Бақторазов екінші, Әлібек Аманжол үшінші, 91 келіден жоғары Мухит Көшербай бірінші, Елдос Қадырбаев екінші орындардан көрінді.

Қыздарға келер болсақ:сайт-4

Әйгерім Асқарова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Рано Пархатова (54 келі), Оксана Королева (57 келі), Александра Ритковская (60 келі), Дарриға Шакимова (69 келі), Мөлдір Базарбаева (75 келі) бірінші орыннан көрінді.

Сондай-ақ Алина Турлыбаева (48 келі), Диана Жоламан (54 келі), Жанна Басқаева (57 келі), Саида Хасенова (64 келі), Айдана Бақытқызы (69 келі), Валентина Хальзова (81 келі), Оксана Ухарева (81+ келі) сынды қыздарымыз екінші орынға ие болды.

Ал, Әйгерім Қасенова (48 келі), Малика Туменбаев (54 келі), Ақбота Дулатова (60 келі), Зарина Цолоева (64 келі), Ақбота Исағулова (69келі), Ақерке Бақытжан (75 келі) іспетті спортшыларымыз үшінші орынды місе тұтты.

сайт-2Турнирдің жеңімпаздарына «Динамо» спорт қоғамы атынан сыйлықтар табысталды. Және жарысты ұйымдастырушылар бұл турнирге қолдау көрсетіп, демеушілік жасағаны үшін «Динамо» спорт қоғамына алғыстарын білдірді. Осы тұста біздің спорт қоғам балалар мен жастар спортының дамуы үшін үнемі қол ұшын беріп, оны басты назарда ұстайтындығын айта кеткіміз келеді. Осы жас өрендеріміздің арасынан келешекте әлемді мойындататын чемпиондар шығуы әбден мүмкін.

Баспасөз қызметі,

суретті түсірген Қуантқан Сапаров