Көктемнің алғашқы шуағын шашқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі барша адамзатқа ортақ мейрам. Себебі, «әлемді сұлулық құтқарады» десек, сол сұлулық тек қана әйел затының бойына ғана өрілген. Әлемге жылуын таратқан осы бір мереке аясында Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерелі барша қазақстандық әйелдерді меркесімен құттықтап, меркелік іс-шаралар өткізді. Жиын барысында сөз алған мекеме бастығы полиция полковнигі Бақыт Ратаев, ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа кезендегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғау» атты бастамасын насихаттау маңызды іс екенін айта келіп, әр отбасының жағымды имиджін қалыптастырып, қоғамдағы әйелдердің мәртебесін нығайтудың рөлі зор екенін тілге тиек етті. Соған сәйкес Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында еңбек етіп, өзінің іскерлігімен көзге түскен әйелдерге ілтипат білдіріліп, марапат көрсетілді. Алқызыл гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталса, жігіттер жағы арнайы концерт қойып, қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сондай ақ, «ешкім де ұмытылмайды, ешкім де ұмыт қалмайды» дегендей, қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлердің отбасылары да мерекелік шараға шақырылды. Мәселен, П. Аянқұловтың анасы – Ымсын Тажибаева мен жұбайы – Миясар Юсупова және полиция сержанты Ж. Байсейтовтың жұбайы – Дамира Сметілда келіп, оларды отставкадағы полиция полковнигі Кыстаубай Сағынтаев пен Жамбыл облысы МКҚБ ММ-нің ардагерлер кенесінің төрағасы Әбдіазиз Қошқаров арнайы құттықтады. Кеш соңында МКҚБ ММ-нің әйелдер қауымы Облыстық драма тетрында Әсембек Жұмабаевтың «Гүлмира» атты спектаклін тамашалады.
Жамбыл облысы ТЖ және БТ-ніңаға инспекторы полиция майоры А.Боранғазиев