Тарих

«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамыньң құрылу, қалыптасу, даму кезеңдері

«Динамо» дене шынықтыру-спорт коғамының тарихына үңілсеңіз, 1923 жылдың 18-cәyipi аталған ұйым үшін айрықша маңызға ие, атаулы күн екенін байқайсыз. Дәл осы күні кұрылтайшылар жиыны өтіп, оған Мәскеу пролетарлық спорт және дене тәрбиесін дамыту қоғамы шақырылған болатын.
Осы басқосуда Недолей — Гончаренко зауытындағы жұмысшылардың талқылауы бойынша «Динамо» атауы ұсынылады. «Динамо» атауы — күш, қуат, қозғалыс деген тусінік береді. Қоғамның құрылтайшылары бұл ұйымның көне Ресейдің қоғамдарынан өзгеше, жаңа бағыт ұстанатынындығымен ерекшеленетінін жариялады. Еш тәжірибесі, каржылық қоры, спорттық құрал-жабдықтары болмаса да, «Динамо» коғамы қысқа мерзім аралығында өзінің спорттық базасын құрып, мамандар даярлауы, кұрал-жабдықпен жарақтандырылуы, спорт және дене тәрбиесі тәжірибесі мен теориясы негіздерін тұжырымдауы тиіс болды.
Азаматтьқ соғыс аяқталғаннан кейін дене тәрбиесін дамытуда қозғалыс болып, бұл — мемлекеттік жұмыстың ерекше формасына айналды. Әcipece, әскери және чекистік органдарда, Қызыл Армияда дене тәрбиесі мен спортқа үлкен көңіл бөліне бастады.
«Жасөспірімдер мен қыздар, — деді Ф.Э. Дзержинский, — әрине, алғашқы кезекте чекистер, тек идеялық тұрғыда ғана тұрақты, epiктi күрескер ретінде қалып коймай, сонымен бipгe физикалық тұрғыда да қуатты болуы керек». Бұл бұйрық iспетті тапсырманы шешу «Динамо» спорт қоғамына жүктелді.
Мәскеу қаласында құрылған динамошылар ұйымының ел арасындағы тартымдылық қуаты біртіндеп өзге өңірлерде, Ресей қалаларында, Орта Азияда, Қапқаз аймағында да қалыптаса бастады.
1924 жылдың қазан айында «Динамо» спорт қоғамы мекемесінің ди- рективасы шығарыла бастады. Онда қоғамның Орталык кеңесі туралы шарттар жасалып, қоғамның төлтаңбасы мен жарғысы, киім формасы, туы, төсбелгі жазылды. Орталық кенестің кұрамы алғаш рет 1926 жылдың 30-наурызында жарияланды. Орталық кенестің кұрметті төрағалары болып Ф.Э.Дзержинский мен И.С.Уншлихт сайланады.
Сонымен 1923-1925 жылдары Қазақстанда алғашқы динамолық ұяшықтар құрыла бастады. Бұл ұйымдар Петропавл, Шымкент, Семей, Ақмола, Қызылорда, Орал қалаларында пайда болды.
Содан бері бұл қоғам кәсіби спортшылармен қатар, спорт жанкүйерлерін де өз айналасына жинады.
1931 жылы 6-шілдеде Алматы қаласында Қазақстандағы спорттық іс-шаралардың орталығы болатын «Динамо» стадионы ашылады. 1933 жылы 29-мамырда «Динамо» стадионы Семей қаласында да бой көтереді.
Сондай-ақ, 1934 жылы Алматыда спорт залының ашылуы гимнастшыларды, балуандар мен зілтеміршілерді даярлауға айтарлықтай үлес қосты.
Динамошылар ауыл, село және қала тұрғындары арасында дәнекер бола білді, сонымен бірге оларды спорттық тауарлармен қамтамасыз етіп отырды.
Сонымен қатар, динамошылар республикада тұңғыш рет жазғы және қысқы спартакиадаларды, насихаттық мақсаттағы қашықтықты жүріп өтуді өткізуді қолға ала бастайды. Мәселен, 1937 жылы бес семейлік спортшылар – Тамара Сурова, Мария Суханова, Нина Марушина, Лилия Русанова және Любов Говорухина Семейден Алматыға дейін шаңғымен жүріп өтсе, комсомолдардың мерейтойы құрметіне, Қарағанды-Алматы бағыты бойынша мотожарыс та осы жылы ұйымдастырылады.
Динамошылардың спорттық шеберліктерінің өсуі, олардың, яғни динамолық ұйымдардың республикада бірінші болып балаларды спортпен айналысуға шақыруында. Осы мақсатта олар «Жас динамошылар» атты облыстық ұйымдарын құра бастайды. Спортқа алғаш қадам басқандардың қатарында бессайысшы Ю. Тогобецкий, В. Монахов, ауыр атлеттер А. Хилажев, В. Бугров, гимнастшылар В. Люкин, Ю. Цапенко, Н. Ильенко, ватерполшылар С. Горшков, боксшы В. Демьяненко, жеңіл атлеттер В. Евсюков, Г. Егоров, конькимен сырғанаушылар Л. Прокашева, В. Саютин, В. Шақшабаевтар бар болатын.
Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстан Республикасы өмірінде өтпелі кезең басталған болатын. Осы кезеңде динамолықтардың барлық құрылымы үлкен сынақтан өтті. Қоғамның жетекшілері орталықта және барлық жергілікті өңірлерде ұйымның өмір сүруін сақтап қалуға қажетті барлық шараларды қабылдап, дағдарысқа қарсы жұмыстарды жүргізді. 1991 жылы 26-қазанда «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының республикалық ұйымы аясында құрылтайшылар конференциясы өткізіліп, оның жаңа Жарғысы қабылданды.
Күрделі экономикалық ахуалда қалғанына қарамастан, «Динамо» спорт қоғамы құқық қорғау органдарының жеке құрамдарын физикалық даярлықтан өткізу, дене тәрбиесі ұжымдарындағы қызметтік-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, қызметкерлер денсаулығын нығайту ісіндегі қалыпты нәтижелерге қол жеткізу бойынша атқарылатын жұмыстарын жалғастыра берді.
Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының қазіргі басты бағыты – ішкі істер, құқық қорғау органдары, кеден және ішкі әскерлер қызметтері қызметкерлерінің дене шынықтыру және арнайы дайындықтарын дамыту, сонымен қатар бұқаралық спортты, балалар спортын дамытып, жетілдіруге жәрдемдесу. Қазіргі таңда бұл спорт қоғамы еліміздің 18 аймағында өз қызметін атқаруда және оның құрамында 100 мыңға жуық адам бар.
Спорттың қай түрін болмасын меңгеру бүгінгі құқық қорғау қызметкерлерінің ел адындағы борышын атқару, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау, құқық бұзушылықты болдырмау, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау кезінде қажет. Қырағылық, күшітілік, төзімділік – осы қасиеттердің барлығы құқық қорғау қызметкерінің бойынан табылуы тиіс. Міне, осы тұста «Динамо» спорт қоғамының атқарып отырған еңбектері орасан екені даусыз.
Динамолықтар халықаралық додаларда да үлкен жетістіктерге жетіп, жеңіс тұғырынан көріне білуде. 1992 жылмен 2012 жылдар аралығында динамолық спортшылар 45 олимпиадалық медальді ел қоржынына салған. Оның 13-і алтын, 15 күміс және 17-сі қола.
Сондай-ақ, осы жылдар аралығында динамолықтар қысқы және жазғы Азия ойындарынан 35 алтын, 34 күміс және 37 қола медальді ұтып алған.
Соңғы 20 жылда динамолықтар Әлем чемпионаттарында 71 рет жеңіс тұғырына көтерілген. Оның 22 алтын, 12 күміс болса, қалған 37-сі қола медаль. Сонымен қатар, қоғамның 67 өкілі Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген спорт шебері атағына ие болған. 140 динамолық спортшы халықаралық санаттағы спорт шеберлігінің нормативтерін орындаған.
Былтыр Лондонда өткен ХХХ Жазғы Олимпиадалық ойындарда 64 динамолық спортшы өнер көрсетіп, 11 медальмен оралды. Оның бесеуі алтын алқа болса, біреуі күміс, бесеуі қола медаль.

Презентация ФСО ДИНАМО (*.pptx)

 

История ДинамоДинамо АлматыФизкультурно-спортивное общество Динамо

Динамо Казахстан2ФСО Динамо