Алматы қаласында күштік құрылымдар арасында волейболдан «Динамо» спорт қоғамының турнирі өз мәресіне жетті. Жарысқа қалалық полиция департаменті, Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясы, Шекара қызметінің қалалық және Алматы облысы бойынша департаменті, Экономикалық тергеу департаменті, Арнайы күзет қызметі басқармасы, Қылмыстық -атқару жүйесі департаменті , Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметі, Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектрондық және байланыс әскери-инженерлік институты командалары қатысты.
Жарысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Исмаилов ашты.
Турнирдің ашылу салтанатында «Динамо» қоғамының спорт басқармасының бастығы Әділбек Арғымбаев сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.
Әр команда волейбол ойынының жоғары деңгейін көрсетіп, қызықты ойындар өткізді.
11 команда арасындағы тартысты бәсекеде 1 орынды — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясы , 2 орынды — Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қалалық және Алматы облысы бойынша департаменті, 3-орынды – Алматы қалалық Полиция департаментінің волейбол командалары иеленді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының физикалық дайындық кафедрасының оқытушысы, майор Айдар Асқатов жарыстың «Ең үздік ойыншысы» атанды. Жеңімпаздар «Динамо» спорт қоғамының сыйлықтарымен марапатталды
Алматы қаласында «Динамо» спорт қоғамы тәртіп сақшылары арасында волейболдан турнир өткізді
- 28 марта, 2022
- 12:26 пп