Динамолық спортшы Украинаның ашық турнирінде семсерлесуден 3-орынға ие болды.

Киев қаласында  өткен семсерлесуден Украинаның Ашық Кубогы аяқталды. Оған Израиль, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстаннан 100-ден аса спортшылар қатысты.  Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі, динамолық Эльмир Алимжанов қола медальға ие болды. Руслан Курбанов сегізінші нәтиже көрсетті, Ерлік Сертай-16, Вадим Шарлаимов-18, Дмитрий Алексанин — 25, Александр Савин-32, Дмитрий Адайкин — 60 нәтижелерге қол жеткізді.