Динамошы Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов қола жүлдегер атанды. Тартысты белдесуде қосымша уақытта әдіс қолданып, вазари ұпайын алған Елдос жеңіске жетті. Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Дильшодбек Баратовпен татамиге шығып, басым түсті. 

Осылайша, жарыстың алғашқы күні Елдос Сметов Қазақстан қоржынына екінші медальді салды.

Тартысты белдесуде қосымша уақытта әдіс қолданып, вазари ұпайын алған Елдос жеңіске жетті деп жазады