«Динамо» спорт қоғамы мен  Ішкі істер министрілігінің қазақ күресі бойынша спартакиадасының чемпиондары анықталды. 

 

22-23 сәуір күндері Петропавл қаласында өткен  Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған  қазақ күресі бойынша спартакиада өз мәресіне жетті. Жарысқа 147 спортшы, 26 команда:  ҚР ІІМ, ҚР ТЖМ, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, Қаржы мониторингі агенттігі, ҚР Қаржы министрлігінің МКК, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы,  ҚР ІІМ МКҚБ, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының,  барлық  облыстардың және көліктегі полиция департаменттерінің құрама командалары қатысты.

«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының ведомствоаралық спартакиадасының қорытындысы бойынша  1-орынды ІІМ командасы,  2-орынды Ұлттық ұланның командасы  және  3-орынды ТЖМ командасы жеңіп алды.

Спартакиада қорытындысы бойынша  жүлделі бірінші орынды Қарағанды облысы полиция департаменті, екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті,  үшінші орынды Алматы қалалық полиция департаменті  қызметкерлері жеңіп алды.

66 келіге дейінгі салмақта Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкері Ерболат Құнанбаев,  74 келіге дейінгі салмақта Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкері  Дәурен Қамаш, 82 келіге дейінгі салмақта Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкері – Еркеғали Қуандық, 90 келіге дейінгі салмақта Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкері  Әсет Жүнісов, 100 келіге дейінгі салмақта Алматы облысы полиция департаментінің қызметкері  Александр Косачев, 100 келі және одан жоғары салмақ дәрежесі бойынша Алматы облысы полиция департаментінің қызметкері Жәнібек Дүйсембаев  чемпион атанды.

Жеке және командалық есеп бойынша жеңімпаздар «Динамо» спорт қоғамы Орталық кеңесі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кубоктарымен, медальдарымен, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Аталған жарыстарда алғаш рет алты салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздарға «Динамо барысы» чемпиондық белдіктері берілді.