Мақсаты – спорттық іс-шараларды жетілдіру, қызметкерлерді шыңдау, олардың бойындағы жылдамдық, күш, ептілік, шыдамдылық және табандылық сынды қасиеттерін арттыру, сондай-ақ, командалық өзара іс-қимылын дамыту.
Жарыс өз ведомствосының намысын қорғайтын үздік ойыншылардың спорттық мансабын өсіру және түрлі құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің басын қосу үшін өткізілді. Көптеген командалардың құрамына тәжірибелі спортшылармен қатар қызмет пен спортты сәтті үйлестіретін жас ойыншылар қатысты. Ведомствоаралық турнирге 11 ұжым, 100-ден астам қызметкер қатысты. Олар: ҚР ІІМ, ҚР ҚМ, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Ұлттық ұланы, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР ТЖМ, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі, ҚР ІІМ ҚАЖК және ҚР ІІМ МКҚБ құрама командалары. Одан бөлек, “Динамо” ФСО аумақтық филиалдарында облыстық және қалалық жарыстар өткізілуде. Тартысты бәсекеде ҚР ІІМ құрама командасы көш бастады, екінші орынды ҚР ТЖМ құрама командасы алды, ал үшінші орынды ҚР ІІМ МКҚБ командасы иеленді. Жүлдегерлерге медальдар, кубоктар және құрмет грамоталары табыс етілді. Айта кету керек, ҚР ІІМ волейбол командасы бірнеше жылдан бері көш бастап келеді.
Елордада Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында волейболдан турнир аяқталды
- 28 марта, 2022
- 12:07 пп