Жаңаөзенде Ұлттық ұлан «Батыс» қолбасшысының Кубогына қоян-қолтық ұрыстан турнир аяқталды

Жаңаөзенде «Наурыз мейрамын «мерекелеу қарсаңында 5548 әскери бөлімінің базасында «Батыс»өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының Кубогы үшін гвардияшылар арасында қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті.
Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Орал, сондай-ақ Ақтау гарнизонынан келген 100-ге жуық спортшы қатысты. 
Турнирдің жабылуында 5548 әскери бөлімінің командирі подполковник Санат Табетов барлық қатысушыларды турнирдің аяқталуымен құттықтап, оларға дене шынықтыру дайындығының жақсы деңгейі үшін алғыс айтып, спортта одан әрі спорттық табыстар тіледі.
Жеке есепте турнир жеңімпаздары: 57 келіге дейін — 6655 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері ізтілік Марданов (Ақтөбе қ.), 62 келіге дейін — 5517 әскери бөлімінің сержанты Жандос Өтеғұлов (Орал қ.), 67 келіге дейін-3502 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Мұхтархан Нұрсұлтанов (Ақтау қ.), 73 келіге дейін-қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Исмурзаев 6655 әскери бөлімінен (Ақтөбе қ.), 80кг дейін-5546 әскери бөлімінен Капитан Жәутай Ризабеков (Атырау қ.), 88кг дейін – 5517 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Әли-Ғани Нәсіпқалиев (Орал қ.), 97кг дейін — 3502 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Дінмұхамед Медеубеков (Ақтау қ.)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.