Қызылорда қалалық полиция басқармасы мен қалалық прокуратура қызметкерлері арасында шағын футболдан үздік ойыншылар анықталды

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде бекітілген жоспарға сәйкес қалалық полиция басқармасы мен қалалық прокуратура қызметкерлері арасында тергеу қызметі күніне орай шағын футболдан жарыс өткізілді. Қалалық полиция басқармасы мен «Динамо»ФСО Қызылорда облыстық филиалы жарысты ұйымдастырды. Жарысқа 12 команда қатысты. Ашылу салтанатына ІІББ бастығы полиция полковнигі А.Жаназаров, қала прокуроры А. Бауыржан және «Динамо» ДШСҚ филиалының төрағасының бірінші орынбасары К. Миралиев қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды ІІББ тергеу бөлімінің командасы, 2 орынды патрульдік полиция батальонының командасы және 3 орынды полиция департаментінің тергеу басқармасы иеленді. Сондай-ақ, 3 номинация бойынша үздік ойыншылар анықталды. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар Кубоктармен, бағалы сыйлықтармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.