Көкшетау қаласында Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған «Динамо» ДШСҚ біріншілігіне «үш ұрпақ турнирі» өтті.
Үш ұрпақ-үш команда спорт алаңында күш сынасуға шешім қабылдады. ІІО ардагерлерінің аты аңызға айналған командасы және оның капитаны ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Нұрғалиев Даутбек Аманжолұлы, ЖПБ бастығы полиция полковнигі Мурзин Рустем Ашотұлы бастаған ЖП қызметкерлерінің командасы және олардың балалары мен немерелерінің командасы, Жас Динамо волейболшыларының өкілдері: Мәди Даутбек, Эльдар Шәкіров, Ерасыл Садвакасов, Зарина Шайдолла, Асанәлі Ғазизов, Илья Злобин және оның жас капитаны Айдос Айтмағамбетов волейбол турнирінде бақ сынасты. Даутбек Аманжолұлы тордың әр түрлі жағында ойнап, Мәдидің немересіне, ал Серік Ебрагимұлы Асаналидің ұлына кеңестер берді. Дегенмен, күрес қатал және адал болды, жас жігіттер аға буынға берілгісі келмеді және лайықты 2 орынды алды! Біріншілік кубогын ардагерлер командасы жеңіп алды! Дойбыдан ардагерлер арасындағы турнирде Жанат Шурманов пен үстел теннисінде Қанат Нұрахметов жеңіске жетті! Жеңімпаздар «Динамо» символикасы бар естелік сыйлықтар мен Ақмола облысы ІІБ ардагерлер кеңесінің сыйақысын алды.