Тоғызқұмалақ ойыны бойынша сайыс өтті
Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі — тоғызқұмалақ. Көненің көзіндей болған бұл ойынның төрт мың жылдық тарихы бар дейді …
Желтоқсанның 7-8 күндері қаладағы №1 жалпы білім беретін орта мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Динамо» ДШСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы және Орал қ.дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы классика түріндегі жекелей және командалық қалалық ашық біріншілігі болып өтті. Жарыстың мақсаты – ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау және әрі қарай дамыту.
Өңірімізде тұғызқұмалақ спорты қарқынды дамып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген жас тоғызқұмалақшылар қатары жылдан жылға артып келеді. Тоғызқұмалақ спорты бойынша республикалық, халықаралық жарыстарда тамаша табыстарға қол жеткізіп, облысымыздың беделін биіктетуде орасан зор үлес қосып жүрген спортшыларымыз баршылық. Бүгінгі жарысқа облысымыздың 13 ауданынан 160 жасөспірім бағын сынады. Ойын 9-11 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында өтті. Арнайы тақтаны ортаға алған балалар ойынға бар ынта –ықыластарымен кірісіп кетті. Ойын тартысты өтуде. Екі күнге созылған жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып Орал қаласының дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің диплом, медальдарымен жəне «Динамо» ДШСҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының сыйлықтарымен марапатталды:
Жекелей:
9 жас ұлдар: 1 орын Қисиетолла Е. (#1 ЖОББМ)
2 орын Жəрдемғали Е. (Сырым ауд.)
3 орын Ахметолла Ə. (#1 ЖОББМ)
3 орын Нарынбай Е. (#1 ЖОББМ)
9 жас қыздар
1 орын Орынғалиева А. (Сырым ауд.)
2 орын Максут М. (Сырым ауд.)
3 орын Сатыбалды К. (#1 ЖОББМ)
3 орын Жексенғали А. (#1 ЖОББМ)
11 жас ұлдар:
1 орын Жолдасғали Б. (Жаңақала ауд.)
2 орын Арматұлы Н. (Жаңақала ауд.)
3 орын Текебай А. (#1 ЖОББМ)
3 орын Қуанышқалиев А. (Бөрлі ауд.)
11 жас қыздар:
1 орын Баймуханова А. (Жаңақала ауд.)
2 орын Оразғалиева Х. (Бөрлі ауд.)
3 орын Тұрсынбай А. (Жаңақала ауд.)
3 орын Нұрғазина П. (#2 БЖСМ)
Командалық есеп бойынша:
1 орын Жаңақала ауданы
2 орын Сырым ауданы
3 орын #1 ЖОББМ