Ағымдағы жылғы 18-21 қазан аралығында Германия Федеративтік Республикасының Лейпциг қаласында қоян-қолтық ұрысынан әлем Кубогі аяқталды. Барлығы әлем біріншілігіне 26 елден, 200-ге тарта спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар төмендегідей анықталды: Жалпы командалық есепте 1-орынды Ресей Федерациясының құрама командасы жеңіп алса, 2-орынға Өзбекстан Республикасының құрама командасы жайғасты. Ал 3-орынды Қазақстан құрама командасы иеленді. Қоян-қолтық ұрысының «Жеке қорғану» бөлімі бойынша: 1-орын Бауыржан Сыздықбаев (90кг); 2-орын Әділ Қайырбаев (80кг дейін) IIМ ҚАЖК қызметкері және Мақсат Бекмұханбетов (80 келіден жоғары) ІІМ МКҚБ-ның қызметкері; 3-орын Серік Қайнарбаев (90 кг), Қанат Баймурзин (80 келіден жоғары) Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің қызметкері.
Жекпе-жек сайысының нәтижелері бойынша:
1-орын – Жандос Асқарбекұлы (80кг) Алматы қаласы МКҚБ;
2-орын – Айбек Саметаев (85 кг) ШҚО ПД қызметкері және де Ердәулет Жеңіс (+90кг) Алматы қаласы МКҚБ;
3-орын – Асхат Жылысбеков (60кг) Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД,
Нұртас Жұмағазыұлы Нұр-Сұлтан қаласы ПД Ермек Керимшеев (90кг) Алматы қаласы МКҚБ.