Павлодар қаласында Орталық стадионда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жеңіл атлетикадан ардагерлер мен жүгіруді ұнататындар арасында Президенттік милядан жарыс өтті. Оның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберліктің жоғары деңгейін арттыру, сондай-ақ мықты спортшыларды анықтау болып табылады.
Жарысқа 17-29, 30-39, 40-49, 50-59 жас және одан жоғары жастағы әйелдер мен ерлер қатысты. Бұл жарысқа «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы өкілдері, Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері Нұрлан Сүйімбаев, Қанат Шакуов, Әсел Абдрахманова қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің динамошылар 1600 метрге жүгіруде Әсел Абдрахманова 2-орын, ал Қанат Шакуров 2400 метрге жүгіруде 3-орын алды.
Президенттік милядан павлодарлық динамошылар жүлдегер атанды.
- 8 октября, 2021
- 10:32 дп