Семейде ішкі істер органдары ардагерлері арасында футзалдан жарыс өтті

2022 жылдың 9 сәуірінде Семей қ.Полиция басқармасының спорт кешенінде «Динамо» ДШСҚ ҚБ ШҚОФ Семей қ. ПБ және ІІО ардагерлер кеңесімен бірлесіп ІІО ардагерлері арасында футзалдан жарыс өткізілді. Жарысқа 4 команда қатысты . Тартысты күресте 1 орынды Семей қ.ПБ АЖЖ командасы, 2 орынды ІІО ардагері Б. Акимеевтің сыныптастары және 3 орынды Семей қ. әкімдігінің командасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Динамо» ДШСҚ ҚБ ШҚОФ дипломдарымен, грамоталарымен, медальдарымен,кубоктарымен марапатталды. Жарыс ІІО ардагерлерінің дене дайындығы деңгейін қолдау, спорттың ойын түрлерін насихаттау, дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді, оларға «Динамо» ДШСҚ Орталық Кеңесі, Қазақстан Республикасы ІІМ, ШҚО полиция департаменті және Семей қаласының полиция Басқармасы көп көңіл бөледі.