Семсерлесуден Қазақстан командасының көшбасшысы Эльмир Әлімжанов Қазан қаласында өткен Әлем Кубогы кезеңінде қола медальға ие болды.

Жартылай финалда қазақстандық Эльмир Әлімжанов әлем чемпионымен бақ сынасты.

Әлем чемпионы, венгерлік Гергий Шиклошимен бәсекелесу сирек құбылыс болды.  Әрі бүкіл ұрыс бойы Әлімжанов басымдылық танытты. Үшінші раундта ол жеңіске жетуге сәл-ақ қалған болатын.  Шиклоши өз кезегінде гандикапты жинап, жеңе алды. Нәтижесінде бір ғана шаншу бәрін шешті. 14:14 есебімен ең тиімді қарсылас — венгер финалға өтті, ал Әлімжанов әлем Кубогының қола жүлдегері атанды.